Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
ауызсу
Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды/Фото:shutterstocks

Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді.

«Құрметті теміртаулықтар, кеше оң жағалау тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауызсу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескеріп, қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым», – деді қала әкімі Ораз Тәуірбеков.

Оның аясында біз ауызсумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз.

Теміртау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, зақымдалған учаске өзен арнасында орналасқандықтан, жөндеу жұмыстары қыиндаған. Сондай-ақ маусымдық су тасқыны жөндеу бригадаларына жетуге қиындық туғызып отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның біршама өңірін еріген қар суы мен тасыған өзен суы басты.  Абай облысының Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай жариялады. Оған су тасқыны кезінде көпір шайылып құлауы себеп болған. Сонымен бірге үш адам суға кетіп, табылмай жатыр. Бұл жайлы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз