Еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы істейтін ТЖМ «жедел желі» сенім телефоны іске қосылды

Жарияланды (жаңартылды )
алаяқтық
“Жедел желі» телефондары жұмыс істейді/Фото: архив kursiv.media

Психологиялық және ақпараттық қолдау, көмек көрсету үшін ТЖМ-нің «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Еліміздің 6 өңіріндегі сенім телефондары

ДЖБО Астана қаласы.: 8 (7172) 704-114

Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 548-657

БҚО ТЖД: 8 (7112) 554-088

Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 501-960

Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 551-484

Қызылорда облысы ТЖД: 8 (7242) 244-161.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынына кінәлілер анықталатынын айтты.

«Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады.  Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Бірқатар өңірде ТЖ режимі жарияланды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр», –деді Олжас Бектенов.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов есеп берді. Айтуынша, су басқан өңірлерде құтқарушылар әкімдіктермен бірлесіп, 2,3 млн текше метрден астам ағын судан тазартқан, 162 мыңнан астам құм толтырылған қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселген. Жалпы апаттық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 сорғы құралы жұмылдырылған.

Күн жылынғалы бері, Қазақстанның қар қалың түскен аумақтарын су басты. Әр өңірде қарғын судан зардап шеккен үйлер саны артып келеді. Осы орайда бірқатар өңірлерле төтенше жағдай жарияланды.

Батыс Қазақстан облысында 455 үйді қарғын су басып қалған. Құтқарушылар тұрғындарды қайық және тікұшақпен эвакуациялады.

Сондай-ақ оқыңыз