Қытайлық акциялар іскерлік белсенділіктің арқасында өсті

Жарияланды
Қытайлық акциялар іскерлік белсенділік оң көрсеткіші аясында өсті/Фото: Shutterstock

Дүйсенбі күні  қытайлық құнды қағаздар басқа Азия нарығына қарағанда тез өсіп жатыр. Bloomberg-тің жазуынша, бұл іскерлік белсенділік туралы жағымды деректердің шығуымен байланысты. Өндірістік белсенділіктің қалпына келуі, инвесторлардың Қытай экономикасының өсуіне деген сенімділігі мен үмітін күшейтті.

Толығырақ

Шанхай және Шэньчжэнь қор биржаларында 300 ірі компанияның акцияларының динамикасын көрсететін қытайлық CSI 300 индексі 1,7%-ға өсті. Бұл Азияның қор индекстері арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Коммуналдық қызметтер мен энергетикадан басқа секторлардың көпшілігі өсті. Гонконг биржасы Пасха мерекесіне орай жабық.

Bloomberg-тің жазуынша, Қытайдың өңдеу өнеркәсібіндегі сатып алу жөніндегі менеджерлерінің іскерлік белсенділік индексі (PMI) бір жылдан астам уақыт ішінде ең жоғары мәнге жеткеннен кейін, инвесторлардың әлемнің екінші экономикасының перспективасына деген сенімі өсті. Қытайдағы күшті экспорт пен тұтыну бағасының өсуімен қатар артып келе жатқан іскерлік белсенділік жаңа оң серпін берді.

Қытайдың өндірістік секторы 2024 жылы нығая бастады. Қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өндіріс жыл сайын 7%-ға өсіп, болжамдардан айтарлықтай асып түсті. Trading Economics-тің мәліметтері бойынша, бұл Қытайдағы соңғы екі жылдағы өнеркәсіп өндірісінің ең жылдам өсуі.

Сонымен қатар Қытайда жылжымайтын мүлік секторында құлдырау жалғасып жатыр. Сондай-ақ  АҚШ-пен шиеленіс күшейіп, технологиялық секторда жаңа санкция енгізіліп жатыр. Қытайдағы жария компаниялардың корпоративтік кірістер туралы деректерді ашуы инвесторлардың сақтығын күшейте түсті. Bloomberg атап өткендей, BYD және Wuxi Biologics сияқты сала көшбасшыларының нашар нәтижелерінен кейін пайданы қайта қалпына келтіру күмән туғызып жатыр.

Сарапшылар не дейді

«Қытайға деген оптимизмнің өсуі нақты негізге ие»,– дейді Азия нарықтары бойынша бас экономисі Вишну Варатана. Оның айтуынша, оптимизм «Азияның басқа елдеріндегі әлемдік өндірістің өсуін ескере отырып, қарқын алуы мүмкін».

2024 жылы қытай нарығының динамикасы шектеулі болады, деп мәлімдеді GAM Investments талдаушысы Венди Чен. Оның пікірінше, осы уақытта инвесторлар қосымша тәуекелсіз нарықтан жоғары кірістілік тудыратын бағалы қағаздарға «альфа-генераторларға» көбірек көңіл бөледі.

Сондай-ақ оқыңыз