Бұрынғы ұлтттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
 Әлібек Қуантыров
Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды Фото: kursiv.media

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін қауымдастықтың бас директоры қызметін Кенжебек Ибрашев атқарған.

Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Ұлттық экономика министрі болған. Оған дейін 2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Экс-министр Томск мемлекеттік университетінде, сондай-ақ «Болашақ» стипендиясы бойынша Мичиган университетінде оқыған.

2022 жылдың басынан «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болды. Алайда экс-министр отставкаға кеткеннен кейін бір ай ішінде директорлар кеңесінен шығарылды.

Кенжебек Ибрашев қауымдастықтың бас директоры болып үш жыл жұмыс істеген.

2023 жылы Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығы төрағасының қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметті 2005 жылдың қарашасынан (18 жыл) атқарып келген еді. Жаңа төраға болып «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев сайланған.

Сондай-ақ оқыңыз