Ердоғанның партиясы Түркиядағы муниципалдық сайлауда жеңіліп жатыр
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Әділет және даму партиясы муниципалдық сайлауда алғаш рет оппозициядан жеңіліп жатыр.
Сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес Ердоғанның партиясы оппозициядағы Халықтық-республикалық партиясынан жеңіліп келеді.
Қазіргі таңда бюллетендердің 98,5% есептелген, Ердоған партиясы 35,6%, оппозициялық партия 37,6% дауыс жинаған.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, Ердоған партиясының жеңілуіне инфляция мен қарыз алудың көбеюі негізгі оппозициялық партияның сайлауында бұрын-соңды болмаған жеңіліске ұшыраған.
«Сайлаушылар оның партиясы мен кандидаттарын муниципалдық сайлаудағы экономикалық қиындықтары үшін жазалаған сияқты», – деді Eurasia Group компаниясының Еуропа бойынша директоры Эмра Пекер.
Алдын нәтиже бойынша билік партиясы 2019 жылы 39 қаланың басқарса, енді 24 қалада әкім креслосын алады деп күтілуде. Оппозиция өткен сайлауда 21 қала әкімі болса, енді 35 провинцияны басқаруы керек.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, сайлаушыларға Ердоған үкіметінің Газадағы соғысқа қарамастан, Израильмен сауданы тоқтатпауы да әсер етіп отыр. Сайлаушылар билік партиясын осылай жазалауды жөн санаған.
Ердоған Палестина мемлекетін құру туралы
Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, бұл – соғыс қылмысы, қылмыскерлер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Дубайда өткен дүниежүзілік Климат жөніндегі саммите мәлімдеген.
Әлем коронавирус індеті мен Украина-Ресей соғысынан кейін Газадағы қанды қырғынның ауыр зардабымен бетпе-бет келгеніне назар аударған.
«Түркия осы дағдарыстардың барлығында бейбітшілікті жақтап, әділдік пен теңдік негізінде шешім табу үшін жұмыс істеді», – деді ол.
Түркия президенті Палестинадағы гуманитарлық дағдарысты айтпай өте алмайтынын мәлімдеді.
«Израиль шабуылының салдарынан 16 мыңнан астам бейкүнә палестиналықтардың, негізінен балалар мен әйелдердің қаза болуын ақтау мүмкін емес. Газада болған оқиға адамзатқа қарсы қылмыс, бұл – соғыс қылмысы, қылмыскерлер халықаралық құқық алдында жауап беруі керек», – деді ол.
Режеп Тайып Ердоған соңғы оқиғалар тәуелсіз, егеменді және аумақтық тұтастығы бар Палестина мемлекетін құру маңызды екенін айтты.
«Түркия Палестина мемлекетін құру жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын!» – деп қорытты сөзін Режеп Тайып Ердоған.