Жеке тұлғалар шетелден құны 500 еуродан, салмағы 25 келіден аспайтын тауарды бажсыз әкеле алады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қандай көлемдегі тауарларды баж салығынсыз әкелуге болады? Фото: shutterstock.com

Жеке пайдалануға арналған тауарларды баж салығынсыз әкелу шегі бұрынғы деңгейіне оралды. Жеке тұлғалар шетелден құны 500 еуродан, салмағы 25 келіден аспайтын тауарды бажсыз әкеле алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Енді әуе немесе басқа көлік түрлерімен тасымалданатын, құны 500 доллардан, салмағы 25 келіден аспайтын тауарды әкелгенде баж салығы төленбейді.

Ал тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық поштамен жөнелтілетін құны 200 еуродан, салмағы 31 келіден аспайтын тауарлар бажсыз әкелінеді.

Тауарларды бажсыз әкелу шегі бұрынғы деңгейіне оралуына Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімінің мерзімі бітуі себеп.

Еуразиялық экономикалық кеңесі 2023 жылғы 27 қыркүйек күнгі отырысында жеке тұлғаларға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегіне қатысты мәселені қараған. Сол жиында жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегінің қолданысын тағы ұзартқан болатын. Соған сәйкес, ЕАЭО аумағына жеке тұлғалар құны 1000 еуродан асатын тауарды бажсыз әкеле алатын. Енді бұл шешімнің мерзімі бітті.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурызда ЕЭК кеңесі интернет-сауда шеңберінде жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды бажсыз әкелу лимитін 200 еуродан 1 мың еуроға дейін арттырды (ал сәлемдеменің шектік салмағы 31 кг деңгейінде қалды). Салмақ немесе құн нормасы асып кеткен жағдайда баж тапсырыс құнының 15%-ына тең шықты, бірақ межеден артық шыққан жағдайда 1 кг үшін 2 евродан кем төленбейтіні айтылды.

Кейіннен, сәуірде, ЕЭК жеке тұлғалардың Ресейге, Беларуське, Қазақстанға және Қырғызстанға өз тауарларын бажсыз әкелу шегін 500 еуродан 1 мыңға дейін өсірді (баж төлемей жеткізілетін тауардың ең жоғары салмағы 25 кг-нан 31 кг-ға дейін ұлғайтылды). Жалпы айтқанда, біз айтып отырған ережелердің багажды әуе көлігінен басқа барлық көлік түрлерімен әкелу немесе оны жаяу жеткізуге қатысты бар. Егер тауарлардың құны немесе салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж жүреді, бірақ оның 1 кг үшін 4 евродан кем болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз