Қор нарығына шолу: АҚШ қор нарығы құлдырады, Вьетнам мен Үндістан бәсекеге түспек, Truth Social әлеуметтік желісінің акциялары төмендеді

Жарияланды
Truth Social  әлеуметтік желісінің акциялары төмендеді / Фото:REUTERS/Shannon Stapleton

S & P 500 және Dow Jones бұл тоқсанды құлдыраумен бастады. Инвесторлар «Үндістанды сатып ал, Қытайға сат» стратегиясынан жалтарды, ал Трамптың әлеуметтік желісінің бағалы қағаздары күрт төмендеді. 

S & P 500 және Dow Jones бұл  тоқсанды құлдыраумен бастады

Бір күн бұрын S & P 500 0,2%-ға төмендеді. Dow Jones 0,6% жоғалтты, ал Nasdaq 100 тек күннің соңына қарай 0,11%-ға өсті. АҚШ-тағы өндіріс секторының өсуі туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін, нарықта пессимизм пайда болды. Яғни ФРЖ мөлшерлемені төмендету мерзімін ауыстыруы мүмкін. CME FedWatch Tool мәліметтері бойынша, нарық енді реттеушінің маусым айындағы отырысында мөлшерлеменің төмендету ықтималдығы 58% екенін болжап отыр.

Алайда нарық әлі де «салыстырмалы түрде ыңғайлы жағдайда», – деді Catalyst Capital Advisors компаниясының тең құрылтайшысы және бас инвестициялық директоры Дэвид Миллер. Ол жақын арада акциялардың шектеулі ауқымда саудаланатынын болжады: «Қазіргі бағалау өте орынды. Инвесторлар да болмайтын бағаны күтеді деп ойламаймын».

Сонымен қатар Ақ үйдің бұрынғы бас экономисі Джо ЛаВоргна FoxBusiness-ке берген  түсініктемесінде бағасы баяу әрі үнемі өзгеріп отыратын тауарлардың болуынан ФРЖ-де ставкаларды төмендетуде қиындықтар туындайтынын айтты.

Енді трейдерлер бүгін жарияланатын АҚШ-тағы ақпан айындағы бос жұмыс орындары, сондай-ақ ұзақ қолданылатын тауарлардың тапсырыстары бойынша деректерді бақылайды. Осы аптаның басты оқиғасы жұма күні шығатын наурыз айындағы жалақы туралы есеп болмақ.

Инвесторлар «Үндістанды сатып ал, Қытайға сат» стратегиясынан жалтарды

Lazard Asset Management, Manulife Investment Management және Candriam Belgium  NV қорлары Үндістанға салған инвестицияларды қысқартады және капиталды қайтадан Қытайға салады, деп жазды Bloomberg. Сарапшылар бұл өзгерісті Бейжіңнің экономиканы мемлекеттік қолдауы, өндірісті қалпына келтіруге, сондай-ақ қытайлық компаниялардың пайдасының артуына ықпал ететінімен түсіндіреді.

HSBC Holdings Plc-тің мәліметтері бойынша, дамушы нарық қорларының 90%- дан астамы Қытай акцияларындағы позицияларын қалпына келтіріп, Үндістанға инвестицияны қысқартып жатыр.

Қытайдың өңдеу өнеркәсібіндегі сатып алу менеджерлерінің ресми индексі бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткеннен кейін инвесторлардың көқарасы өзгерді. Ал Уолл-стрит Үндістанды келесі онжылдықтағы негізгі инвестициялық бағыт ретінде көрсетуді жалғастырып жатыр.

Вьетнам жетекші өндіріс орны болу құқығы үшін Үндістанмен бәсекеге түспек

Үндістан Азиядағы жетекші өндіруші болғысы келеді, өйткені компаниялар Қытайдан кетеді. Бірақ  Үндістан алдымен  салықты азайтып, жеткізу тізбегінің тиімділігін арттыруы керек. Тек осылай ғана Үндістан Вьетнаммен бәсекеге түсе алады. Бұл туралы CNBC өзінің шолуында жазды.

Вашингтон америкалық компанияларды электроника мен технология өндірісін Қытайдан гөрі достас елдер, әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Вьетнам мен Үндістанға көшіруге шақырды.

Үндістан мен Вьетнам шетелдік инвесторлар мен компаниялар үшін тартымды өндірістік балама. Бұл ішінара еңбек шығындарының төмендігіне байланысты. Сонымен қатар Вьетнам әзірге АҚШ-қа экспортқа шығару бойынша Үндістаннан озып тұр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Вьетнам-ның  көрсеткіштері 96,99 млрд долларды құрады. Ал Үндістандағы көрсеткіш 75,65 млрд долларға жетті. 

«Вьетнам электроника өндірісін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті, ал Үндістан бұл ойынға енді ғана қосылды», — деді India Index Бас директоры және Vogel Group басқарушы директоры Самир Кападиа. 

Оның айтуынша Вьетнаммен салыстырғанда Үндістанда салықтық әкімшілендіру қиындау және салық мөлшерлемелері жоғары, еңбек нарығының тартымдылығы да аз, инфрақұрылым мәселелері де бар.

Трамптың әлеуметтік желісінің акциялары күрт төмендеді

Дүйсенбі күні  Дональд Трамптың әлеуметтік желісінің акциялары 20%-ға төмендеді. BBC-дің ақпаратына сүйенсек, құлдырау Trump Media & Technology Group 2023 жылы 60 миллион долларға жуық шығын туралы есеп бергеннен кейін болды.

Тек Truth Social жарнамасы арқылы ақша табатын Trump Media бағалы қағаздары биыл 200% – ға өсті. Өткен аптада IPO-дан кейін компания таңқаларлық  11 млрд долларға  қол жеткізді. Сарапшылар акциялардың сөзсіз төмендейтінін бірден ескертті. Өйткені олардың негізгі өнімі — Truth Social өз пайдаланушыларын жоғалтуда.

Truth Social 2022 жылдың ақпанында іске қосылды. Оның 8,9 миллионға жуық жазылушысы бар.

Қысқа-нұсқа

OpenAI 1 сәуірден бастап пайдаланушыларға ChatGPT  чат-ботына тіркеусіз кіруге мүмкіндік бере бастады.

Bloomberg Economics АҚШ-тың мемлекеттік қарызының болашағын модельдеуде қарыз алу жағдайларының 88% – ы тұрақсыз жолмен жүретінін анықтады. АҚШ Конгресінің бюджеттік басқармасы өзінің соңғы болжамдарында  ЖІӨ-нің 97% – ы бар мемлекеттік қарыз 2034 жылға қарай 116% – ға жетеді деп ескертті. Бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегіден де көп.

Сондай-ақ оқыңыз