Қазақстандық бизнесмен бірінші рет Нью-Йоркте өтетін LD Micro инвестициялық конференцияның басты спикері болмақ

Жарияланды
Фото: Валерий Аяпов

2024 жылдың 8 сәуірінде Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Нью-Йоркте өтетін инвесторларға арналған XIV LD Micro Invitational конференциясы мен Freedom Capital Markets отбасылық капиталын сенімгерлік басқару бойынша компания саммитіне қатысады.  

Freedom Holding баспасөз қызметінің хабарлауынша, Freedom Capital Markets саммиті 8 сәуір күні сағат 14.00-де (ET, UTC–05:00), ал инвесторларға арналған LD Micro конференциясы 17.45-те (ET, UTC–05:00) болады. Тимур Турлов қаржылық қызмет көрсету бойынша жаһандық ұйым құруда технологияларды пайдалану, сондай-ақ бейімділік, цифрландыру және әртараптандырудың негізгі бизнес-принциптеріне қатысты әртүрлі аспектілер жайында сөз қозғайды.

Freedom Capital Markets президенті және бас атқарушы директоры Роберт Вотзяк өтетін іс-шараға тоқталып:

«Биылғы жылы бірінші рет Нью-Йоркте өтетін инвесторларға арналған LD Micro Invitational конференциясында Тимур Турлов біздің басты баяндамашы болатынына қуаныштымыз. Бұл LD-нің Нью-Йорктегі бірінші конференциясы екеніне қарамастан, Крис Лахиджи мен LD Micro командасы өздерінің XIV конференциясында 80 инновациялық компанияны таныстырмақшы, сондай-ақ  Құрама Штаттардан 500-ден астам инвесторды шақырып отыр. LD Micro көптеген жыл бойы шағын капиталы бар компаниялар қауымдастығы үшін беделді алаң. Биылғы жылғы конференция да маңызды болады деп күтіліп отыр», – деді.

LD Micro —  капиталы шағын компаниялар үшін конференция ұйымдастыру бойынша ірі платформа. Іс-шараларға үнемі 200-ге жуық компания мен мыңдаған инвестор қатысады. Соңғы 15 жылда LD Micro конференциялары шағын капиталды компаниялар саласында Celsius Holding, Compass Diversified Holdings, Piedmont Lithium, American Battery Technology Company сияқты жаңа компанияларды танытты.

2023 жылдың наурызында Freedom Holding SRAX, Inc-ке тиесілі болған LD Micro-ны сатып алды. Сыйақы сомасы 4 млн доллар ақшалай қарды мен 4,3 млн доллар холдингтің қарапайым ауцияларынан тұрды.

Сондай-ақ оқыңыз