Қазақстанда жылу электр орталықтарын жөндеуге 380 млрд теңге қарастырылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ЖЭО-ларды жөндеуге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды. Фото: kursiv.media

Қазақстанда жылу электр орталықтарын (ЖЭО-ларды) жөндеуге шамамен 380 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Бұл қаржының 361 миллиард теңгесі тариф және станция иелерінің қаражаты есебінен бөлінбек. Қалған 20 миллиардқа жуық теңге үкімет резервінен мемлекеттің араласуын қажет ететін нысандарға бөлінеді.

«Тариф максимум жүктемені көтеру үшін қажет жұмыстарды орындауға мүмкіндік бермейді», – деп қосты ол.

Бұндай қомақты қаржыны жинау үшін жылу мен электр тарифі көтерілмек. Министр тарифтердің күрт өсуіне жол берілмейтінін алға тартты. Бағалар Ұлттық экономика министрлігі бекіткен дәлізден аспауы тиіс. Инфляциялық жағдай да ескерілетін болады

Қазақстандағы ЖЭО-лардың жағдайы қандай?

Еліміздің бірнеше қаласындағы ЖЭО-да апат болған соң, Энергетика министрлігі жылу электр станциялары мен желілерінің жай-күйіне тексеріс жүргізген.

Нәтижесінде Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апатты жағдайда тұрғаны анықталған. Бүкіл ЖЭО жабдықтары 66 пайызға тозған. Сол кезде министрлік оларды жөндеуге 182 млрд теңге қажет деген.

337 нысанның 19-ы қызыл аймаққа енсе, сары аймаққа – 11, ал жасыл аймаққа – 7 ЖЭО кірген.

ЖЭО жабдықтары 66% тозып кеткен. Бұл ретте Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалалары ЖЭО-ның тозуы 80%-дан асады. Елдің ЖЭО-ның пайдалану мерзімі 61жылды құрайды, соның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76%-ының жұмыс істеп тұрғанына 50 жылдан асқан.

2023 жылдың қазан айында прокуратура жекенің қолындағы 11 жылу электр орталығын тексеріп, бірақат заң бұзылғанын анықтаған.  Әр станцияда қондырғылардың әбден тозығы жеткен, бұл жылу беру маусымында апатқа әкеп соғуы мүмкін. Жекенің қолындағы ЖЭО-лардағы міндеттемелер орындалмаса, станциялар мемлекетке қайтарылатыны айтылды.

Қандай ЖЭО-лар жөнделді?

Былтыр қыста Екібастұз, Теміртау және Рудный қалаларындағы ЖЭО-да апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғаны белгілі. Осы қалалар тәуекел аймағында тұр. Екібастұз ЖЭО-сын жөндеу жұмыстарына 20,6 млрд теңге бөлінген еді.  Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов соның 8,4 млмр теңгегі мемлеке қаржысы болса, қалғанын акицонері бөлгенін айтқан. Екібастұз, Петропавл қалаларындағы ЖЭО олигарх Александр Клебановқа тиесілі.

Ал қарызы 5,5 млрд теңгеге жеткен Риддер ЖЭО-сын жөндеуге 8,3 млрд теңге жұмсалатыны хабарланған. Орталықты жөндеуге жұмсалған 7,2 млрд теңге үкімет резерзінен бөлінген.

Сонымен қатар, Өскемен ЖЭО жөндеуге 8,6 млрд теңге жұмсалды. Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге жуық қаржы түскен.

Қарағанды облысын жылумен қамтамасыз етіп отырған екі ірі нысан: ЖЭО-3 және ЖЭО-2 жөндеуге 2023 жылы 13 млмр теңге бөлінетіні айтылды.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бекітілген кестеге сәйкес еліміздің электр станцияларында 10 энергетикалық блок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу көзделген. Бүгінгі таңда 4 энергетикалық блок, 24 қазандық және 15 турбина жөндеу жұмыстарымен қамтылған. 

Сондай-ақ оқыңыз