2019 жылы болған «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды.
Бас көлік прокуратурасы жариялаған ақпаратқа сүйенсек, полиция департаменті процесспрокурорымен келісе отырып, Алматы әуежайы маңында 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Bek Air» компаниясына тиесілі «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралықылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқтаған.
Іс бойынша 4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 пікір алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілген.
«Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды», – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен процеске қатысушылар танысып жатыр.
Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады. Таңғы 07 :22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан, 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған.
2021 жылы Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риелторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға дейін сотталды.
Антикордың елордалық департаменті Азаматтық авиация комитеті қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алматы қаласы əуеайлағының ұшуға жарамдылығы
сертификатын 2018 жылы заңсыз берген деген айып тағылған. Ол 2019 жылы «Fokker-100» ұшағының апатқа ұшырауына əкеп соққаны белгілі. Бұл туралы Бас прокуратураның депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.
Қазіргі уақытта аталған əуеайлақ аумағына жақын 23 тұрғын үй орналасқан. 2021 жылдың қазан айында ААК мамандары Алматы әуежайының ұшу-қону жолағын зерттеп, аэродромды пайдалануға жарамдылық нормаларынан ауытқу анықтаған.