«ҚазМұнайГаз» полиэтилен өндіру бойынша миллиардтаған долларлық жобаны әзірлеп жатқан «Силлено» компаниясынан шықты
«ҚазМұнайГаз» компаниясы («Самұрық-Қазынаның» еншілес кәсіпорны) құны 7,7 миллиард доллар болатын полиэтилен өндіру жобасын әзірлеп жатқан «Силлено» компаниясынан шықты.
ҚМГ жариялаған хабарламада «ҚазМұнайГаз» Silleno қатысушыларынан 29 наурызда шыққаны жазылған. ҚМГ компанияның 20% үлесіне ие болды. Мәміленің құны мен басқа шарттары жарияланбады.
Сонымен бірге EGOV сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта «Силлено» қатысушылары «ҚазМұнайГаз», «ПетроХим», ресейлік Sibur Holding және қытайлық Sinopec Overseas Investment Holding (Сингапур) PTE LTD компаниялары болып табылады.
Ақорданың хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасында «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім сынды бірқатар құжаттарға қол қойылған. Атап айтқанда:
Президенттің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Терефтал қышқылын/полиэтилентерефталат өндіру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасындағы келісім;
2. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 миллион тоннаға дейін жеткізу жобасын ілгерілету жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Group арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;
3. «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен CRRC Corporation Limited арасындағы ынтымақтастық және CRRC Corporation Limited өнімдерін сатып алу туралы негіздемелік келісім (сауда келісімі);
5. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының жарамдылық мерзімін ұзарту жөнінде ҚР Энергетика министрлігі мен China National Petroleum Corporation компаниясының екіжақты мәлімдемесі.
6. «Силлено» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу-сату туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, SINOPEC және «СИБУР» ЖШҚ арасындағы шарт;
Жинақтай айтсақ, 17 қазанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Қытай еліндегі кездесу ҚХР басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізуден басталды.
Тоқаев бірқатар инвесторлармен өзара ынтымақтастық және мұнай-газ химиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Қазақстандағы полипропилен шығару жобасының құны 7,7 млрд долларға дейін өсетінін жеткізді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнмен кездесу барысында айтты.
Сапар аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қытайлық CITIC компаниясымен Caspi Bitum битум зауытының қуатын 1,5 есе, яғни 750 мың тоннаға дейін арттыру туралы келісімге келді. Бұл туралы ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Мұнымен қоса, «Қазпошта» АҚ мен қытайлық «Sai Cheng Logistics International Co.,Ltd» және «YTO EXPRESS Co. LTD» компаниялары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Келісім негізінде халықаралық жеткізілімдерді кеңейту, коммерциялық экспресс-жеткізу, трансшекаралық электрондық коммерцияны дамыту, тауарларды Қытайдан Қазақстан арқылы басқа елдерге жеткізу қауіпсіздігін жақсарту бағатында бірлескен жұмыстар қолға алынатыны айтылды.
QazaqGaz және PetroChina International компаниялары газ экспорты бойынша 2023-2026 жылдарға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды.