Министр Сәтқалиев мемлекеттік гидроэлектростанциялар жекеменшікке сатылмайды деп уәде берді
Шығыс Қазақстан облысындағы гидроэлектростанциялар жеке инвесторларға сатылмайды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Министр энергетинканың негізгі нысандары болып саналатын екі ірі су станцияның жеке тұлғаларға сатылмауына кепілдік берді.
Мәжілістің жалпы отырысында «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында депутат Ерлан Саиров «Өскемен ГЭС» және «Шүлбі ГЭС»-терін «Самұрық Қазынадан» «Самұрық Энергияға» беру жөніндегі шешім шыққаны туралы ақпарат тарағанын айтты. Сондай-ақ осыдан үш жыл бұрын Қазақстан мен Қатар мемлекетінің арасында «Өскемен ГЭС» пен «Шүлбі ГЭС»-терін инвестицияға айырбастау жөнінде жоба болғанын еске салды.
«Ол жобаның артында сөйтсек сол кезде «Ескі Қазақстанның» өкілдері тұр екен. Енді қазір осы мен ГЭС және Шүлбі ГЭС-терін Самұрықтан «Самұрық Энергияға» өткізу сол қармап қалудың жалғасы емес пе?! Әлде тағы да сіздер «ахалай-махалай» жасап халықтың меншігін тағы біреуге өткізіп жіберуге бір қадамдар жасап жатқан жоқсыздар ма?! Міне, осы қаралып жатқан заңда мемлекеттік меншікті сақтап қалудың қандай тетіктері бар?», – деп сұрады депутат Ерлан Саиров министрден.
Бұл сұраққа жауап берген Алмасадам Сәтқалиев аталған активтерді «Самұрық-Энергодан» кейін басқа біреуге сату жоспарланып отырмағанын жеткізді.
«Сіз бұрын бізде болған меншік иелерінің мүлкі» Самұрық-Энерго » балансына берілгенін дұрыс атап өттіңіз. Энергия активтерін одан әрі сату және иеліктен шығару жоспарланбаған»,– деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев депутат айтып отырған гидроэлектростанциялар энергетиканың негізгі нысандары екенін атап өтті.
«Гидротехникалық құрылымды тиімді пайдалану ғана емес, электр қуаттылығын қамтамасыз ету, су режимдерін сақтау, судың уақтылы жиналуы да үлкен мәселе. Сол себепті активтерді беру туралы ешқандай әңгіме жоқ. Катарлық инвесторға қатысты айтар болсақ, онда жаңа су электр станциясын салу жөнінде әңгіме болған. Әңгіме бүкіл Ертіс каскадынан шығарындыларды жинақтауға мүмкіндік беретін жаңа станцияның құрылысы туралы болып отыр. Станция қосымша энергия өндіретін болады. Бұл сонымен қатар бүкіл каскад бойынша қосымша қуатты пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, Шүлбі ГЭС-інде осы контрреттегішті енгізу арқылы 200 МВт-тан астам қосымша қуат алуға болады», – деп жауап берді министр.
Депутат Сайыров министрден «сіз осы активтер ешкімге беріліп кетпейтініне кепілдік бересіз бе?» деп сұрағын қайталады. Бұл сауалға жауап берген Сәтқалиев «өз құзыреті шеңберінде аталған ГЭС-терді жеке тұлғаларға сатылмайтынына кепілдік беремін» деп жауап берді.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Өскемен және Шүлбі гидроэлектрстанцияларына иелігіне алғанын Қазақстан қор биржасына хабарлаған еді.
Комапанияның KASE-ге ұсынған ақпаратына сәйкес, «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС мен «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-нің 100% акциялары енді «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі екені жазылған.
Айта кетейік Қазақстан ШҚО-дағы ірі су станцияларын араб инвесторларға сату туралы ақпарат 2021 жылы тараған.
Қазақстан үкіметі Өскемен және Шүлбі су электр станцияларын Әбу-Дабилік серіктестер мен қазақстандық инвесторлар консорциумына тікелей сату жайлы шешім шығарған. Екі су электр станциясын жеке меншікке беру – Қазақстанның бірнеше энергиянысандарын бірден жекешелендіру мен салуды көздейтін, құны $6 млрд болатын ірі халықаралық инвестициялық келісімшарттың бір бөлігі.