Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
паводок
kursiv.media

Петропавлда 26 наурыздан бастап қар жаппай  ери бастаған. Соның салдарынан жеке сектордағы үйлерді су басқан. Аутожолды опырып кеткен.  Қаланың Абай көшесіндегі кәріз коллекторы істен шыққан.

«Апатты жағдайды жою және қоршаған ортаға зиянын азайту мақсатында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», – делінген қала әкімдігі жариялаған хатта.

Наурыз айынан бері су тасқыны салдарынан бес  облыста  күрделі ахуал қалыптасқан. Су тасқыны кезеңінде барлығы 16 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Уақытша орналастыру орталықтарында 4 мыңнан астам адам бар.

БҚО-да алғаш рет облыс деңгейінде төтенше жағдай режимі енгізілді. 4 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыста су басқан алты аудан аумағын тікұшақпен барлап қарап шықты. Қаратөбе ауданының орталығында орналасқан эвакуациялық пункте тұрғындармен кездесіп, оларға қолдау көрсетілетіні туралы айтты. Президент елімізде 1994 жылдан бері осындай ауқымда су тасқыны болмағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз