Жаңалықтар

Қазақстан аумағындағы ірі кен орындарының дәуірі аяқталуға жақын. Мемлекет жаңа қорларды іздестіруде

британдық компания
Қазақстан аумағындағы ірі кен орындарындағы қор қанша уақытқа жетеді / Фото: kursiv.media

Қазіргі уақытта қазақстандық геологтар жүздеген және мыңдаған метр тереңдікте орналасқан күрделі, «көрінбейтін кен орындарын» зерттеуге баса назар аударуда. Өйткені Қазақстан аумағындағы ірі кен орындарының дәуірі аяқталып келеді. Бұл жөнінде Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров айтты.

 Комитет төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта геологиялық зерделеуді арттыру мақсатында жер қойнауын зерттеу тәсілдері кеңейтіліп жатыр.

«Атап айтқанда, әр алаң бойынша алдымен ауытқуды анықтай отырып, спектрлік талдау әдістерін қолданылады. Жерді қашықтықтан зондтау, спектрлік талдау бойынша анықталған ауытқулармен жұмыстарды жүргізіп, егжей – тегжейлі көрсетіледі. Бүкіл алаңда аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу ұсынылады, бұл көрінбейтін аймақтарды анықтауды және жер бетіне жақын объектілерді айналып өтуді қамтамасыз етеді», – деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер сөзінше, анықталған перспективаларды сапалы растау үшін зертханалық талдаудан өткен сынамаларға 1:50 000 масштабтағы жерүсті жұмыстары жүргізіледі.

«Бұл ретте мемлекет шығындарын ескере отырып, қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындалады. Жер қойнауын зерттеудің әрбір кезеңінің нәтижелері бойынша аукцион өткізу ұсынылады. Аэрогеофизикалық зерттеулерді биыл Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым кен аймағының аумағында бастау жоспарлануда. Бұл аумақтарда жұмыстар жүргізу жаңа перспективаларды, әсіресе, сирек кездесетін шикізатты анықтауды қамтамасыз етеді»,-деп толықтырды комитет төрағасы.

Ол сондай-ақ биылғы жылдың 30-маусымына дейін қайтарылған 23 кен орны бойынша аукцион өткізілетінін, тағы 83 резервтік нысанды аукционға шығару жоспарланып отырғанын айтты.

«Аукциондар ел аумағындағы орташа қайта бөлу көрсеткішінен төмен емес өнім өндірісін іске қосу, өңірлерді әлеуметтік дамытуға аудару бойынша міндеттемелерді белгілей отырып өткізілетін болады», – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік былтыр 74 жер қойнауының учаскесі бойынша құны шамамен 3,5 млрд теңгені құраған 2 аукцион өткізілген. Комитет басшысы жер қойнауын пайдалануға жеке инвестициялардың өсуі қарқыны жайлы да сөз қозғады. Мәселен, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар ауданы 25 мың шаршы шақырым учаскені барлауға кем дегенде 40 млрд теңге, әлеуметтік міндеттемелерге 7 млрд теңгеден астам қаражат құюды жоспарлап отырғаны белгілі болған.

«Сонымен қатар, барлау басталғаннан бері кен орнын табуға дейінгі орташа кезең 5 жылдан 10 жылға дейін созылатынын ескерсек, кен орындарының «ашылуынан» нәтиже 2028- жылдан ерте емес кезеңде күтіледі», – деді Ерлан Ақбаров.

Айта кетейік елімізде моноқалалар айналасында болжамды құны 1,1 трлн теңгені құрайтын ресурстар табылды. Бұл 2020-2022 жылдар аралығында жүргізілген мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері барысында анықталған.

«2020-2022 жылдар аралығында жүргізілген мемлекеттік геологиялық зерттеу нәтижелері бойынша моноқалалар маңында болжамды құны 1,1 трлн теңгені құрайтын ресурстар табылды. Соңымен қатар моноқалалар төңірегін барлауға 28,7 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Биыл Абай, Курчатов, Балқаш, Алтай қалаларында 5 перспективалы учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Қанат Шарлапаев.