Биржадан тыс сауда-саттықта рубльге деген сұраныс 2,5 есе төмендеді
2024 жылдың наурыз айында ресей рублін биржадан тыс сатып алу 2,5 есе азайған. Ал АҚШ долларына деген сұраныс 14%-ға қысқарды. Ұлттық банктің биржадан тыс операциялар жөніндегі статистикасында осындай деректер келтіріледі.
Қазақстанда наурызда долларды биржадан сатып алу көлемі 7,7 млрд долларды құраған. Бұл көрсеткіш ақпан айымен салыстырғанда 14 пайызға аз. Соның ішінде 6,3 млрд теңгесін бейрезидент банктер сатып алған, қалғаны отандық қаржы ұйымдарына тиесілі.
Өткен айда банктер биржадан тыс 4,3 млрд Ресей рублін сатып алған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 2,5 есе төмен. Алдыңғы айда 10,8 млрд рубль сатылған болатын.
Ал биржадан тыс сатып алған еуро көлемі бір айда 51,1 млн еуроға жеткен. Ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайыз артық. Яғни 40,4 млн еуро сатылған.
Сонымен қатар АҚШ долларының орташа сараланған сатып алу бағамы 450,34 теңгені, Ресей рублі – 4,87 теңге, еуро – 487,99 теңге, британ фунтын сатып алу 579,67 теңгені құрады.
Қаңтарда банкаралық нарықта рубльді сатып алу операцияларының көлемі 10,5 млрд теңге болды. Көрсеткіш 2023 жылдың қаңтарындағы 6,2 млрд рубльмен салыстырғанда, 1,5 есе көп болды.
Соның ішінде шетелдік банктермен жасалған операциялар көлемі 8,9 млрд рубльге жеткен. 2023 жылдың қаңтарындағы 2,3 млрд рубльмен салыстырғанда, биыл қаңтарда бейрезидент банктердің рубльдегі операцияларының көлемі 3,8 есе өскен.
Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтарда долларды сатып алу бойынша банкаралық операциялардың көлемі 8,2 млрд теңгені құрады.