Сарапшылар «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орындарының бір бөлігін Ресейге беруді құптамайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Halyk Finance талдау орталығы мұнай нарығына шолуын жариялады / Архив: kursiv.media

Halyk Finance сарапшылары Санжар Қалдаров пен Мұрат Темірханов дайындаған Қазақстанның 2023 жылға арналған мұнай секторына шолуын жариялады.

Көлемді құжатта жаңа мұнай жобаларының құны, ішкі нарыққа шикі мұнайды жеткізу, инвестицияны мемлекеттік ынталандыру, жергілікті қамтуға қойылатын талаптар сынды мәселелер қозғалған.

«Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» – мұнай мегажобалары

«Қазақстандағы инвестициялық ахуалды ретке келтіру үшін орта және ұзақ мерзімді перспективада терең реформаларды қажет», – деп жазылған шолуда.

Айта кететін жайт, соңғы уақытта сарапшылар және Үкімет те «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» мегажобаларының келісімшарттарын қайта қарау туралы мәселе көтеруде.

«Тіпті келісімдерді бұзып, кейін жаңаларын жасау қажеттігі туралы сұрақтар жиі айтылуда. Болжамды шешімдер қатарында мегажобалардағы үлесті Ресейден келген компанияларға беру туралы ұсыныстары да бар. Біздің ойымызша, шетелдік инвесторларға «шабуыл» осы үш жобаға кері әсер етеді. Сондай-ақ шарттар талаптарын қайта қарау қажеттілігі туралы ағымдағы мәлімдемелер негізсіз. Әсіресе, мұнайға және экономиканың басқа секторларына жаңа шетелдік инвесторларды тарту тұрғысынан алғанда тиімсіз», – деп есептейді Halyk Finance.

Қазақстанның мұнай секторы

Мәселен, 2023 жылы өндіріс көлемі шамамен 90 миллион тоннаны құрады. Оның 70,5 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл  – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.

«Бірақ әлі де Ковидке дейінгі деңгейден төмен. Мұндай жоғары өндіру көлемі «Қашағанда» мұнай өндірудің рекордтық нәтижелерімен байланысты. Ал басқа екі ірі кен орны – «Теңіз» және «Қарашығанақ» өткен жылы тұрақты динамика көрсетті», – деп келтірді сарапшылар.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша өндіріс көлемі шамамен 90,3 млн тоннаны құрайды. Бұл өткен жылғы деңгейден сәл жоғары.

2024 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы қандай болады?

«Сонымен бірге шикізат бағасы бұрынғы деңгейде сақталады деген болжам бар. Мұндай жағдайда 2024 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы, біздің ойымызша, барреліне шамамен 80 долларды құрайды. Бұл негізінен Қазақстан экономикасы үшін қолайлы», – деп атап өтті сарапшылар.

Мұнай саласындағы келелі мәселе

«Қазақстанның «қара алтын» өнеркәсібінің өзекті мәселелерінің бірі – оны барлау мен өндіруге кететін шығындар. Әсіресе, жаңа жобалар құны жоғары. Осылайша, Ұлттық энергетикалық есептің бөлігі ретінде S&P Global бағалауына сәйкес, 2022 жылы Қазақстандағы типтік жаңа мұнай жобасының шығынсыз бағасы барреліне шамамен 67 долларды құрады. Елімізде мұнай барлау және өндіру бойынша жаңа жобалардың құны өте жоғары. Бұл деңгей Еуразия үшін орташа аймақтық деңгейден де жоғары. Мұнда типтік жобаның шығынсыз құны барреліне шамамен 66,35 долларды құрайды. Мұндай жағдайда Қазақстанның басқа мұнай өндіруші елдермен бәсекелестікке түсуі қиын. Тіпті әлемдік нарықтағы үлесін одан да көп ұлғайтпай ұстап тұру өте күрделі мәселе», – деп атап өтті сарапшылар.

Қазақстан 2024 жылы 90,3 миллион тонна шикізат өндірмек

«2024 жылға арналған жоспар – 90,3 млн тонна», – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылдың соңына қарай республикада іс жүзінде 90 миллион тоннаға жуық мұнай өндірілгенін, бастапқыда бұл көрсеткішті 93 миллион тоннаға жеткізу жоспары болғанын айтты.

Министрдің айтуынша, жоспардың орындалмауына кәсіпорындардағы жөндеу жұмыстары мен ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның өз міндеттемелерін орындауы себеп.

Негізі 2023 жылы 90,5 млн тонна «қара алтын» өндіру жоспарланған. Ауытқуға кен орындарындағы түрлі жағдай себеп болды. Мысалы, 8 тамызда электр қуатының шектелуіне байланысты мұнайдың тәуліктік өндірісі 228 мың тоннаға дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз