ҚТЖ Hyundai мен General Motors-тың автобөлшектерін Орталық Азияға жеткізеді
«Қазақстан темір жолының» еншілес кәсіпорны – KTZ Expres кореялық Hyundai мен General Motors концерндерімен Орталық Азияға автобөлшек жеткізуге келіскен. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан тарапы үшін Кореядан Орталық Азия елдеріне қосалқы автомобиль бөлшектерін транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. «KTZ Express» АҚ CRCT және Hyundai және General Motors автомобиль концерндерімен бірлесіп жақын арада жеткізуді бастауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.
Теміржол көлігімен тасымалдау процесін оңтайландыру мәселесін талқылауға Қытайдың China Railway Container Transport Co . Ltd және Lianyungang Port Group компаниясы да қатысқан.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов ҚТЖ магистральды темір жол қызметіне тарифін көтеруі керек деп мәлімдеген. Өйткені ұлттық компания қарызға батып отыр. 2023 жылы ҚТЖ 329 млрд теңге шығынға ұшыраған.
Компанияның жалпы қарызы қарызы 2,9 трлн теңгеден асқан. «ҚТЖ» АҚ басқармасы төрағасы Нұрлан Сауранбаев та қарыздан тарифтерді көтеру арқылы құтылуға болатынын айтқан.