Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында екі ер адам көз жұмды
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында екі ер адам қайтыс болды. Төтеншеліктер 7 сәуір күні сағат 11:00 шамасында олардың денелерін тапты. 6 сәуір күні 1974 жылғы құлсарылық тұрғын досымен бірге үйді тексермек болып трактормен жүрген. Жолда көлік аударылған. Екеуінің де рұқсат құжаты болмаған. Іздеу жұмысына жеке құрамнан 3 адам жұмылды. Ведомство тұрғындарды сақтық шараларына мән беруге шақырады.
Облыстың Жылыой мен Қызылқоға аудандарында төтенше жағдай режимі енгізілгені мәлім. Жем өзенінің арнасынан тасуы себепті Құлсары қаласындағы үйлерді су басты.
28,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқын бетін қайтару үшін Жем өзенінің бойындағы бөгеттерді жергілікті құрылымдар бұзып жатыр. Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құлсарыға келіп, қазіргі ахуалмен танысты.