Илон Маск Бразилия Жоғарғы сотының шешіміне қарсы шықты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Илон Маск Бразилия Жоғарғы сотының шешіміне қарсы шықты / REUTERS/Gonzalo Fuentes

Миллиардер Илон Маск Бразилия Жоғарғы сотының X әлеуметтік желісінің кейбір есептік жазбаларын бұғаттау туралы шешіміне қарсы шықты. Ол платформадағы белгілі бір аккаунттарды бұғаттауға бұйрық беріп, судьяның отставкаға кетуін талап етті.

«Істі жүргізген судья бірнеше рет Бразилия Конституциясы мен халқына опасыздық жасады. Ол отставкаға кетуі немесе импичмент жариялауы керек. Александр, масқара», – деп жазды Маск X парақшасында.

Reuters ақпаратына сүйенсек, Маск судья Александр де Мораестің Бразилиядағы кейбір ашылмаған Х аккаунттарына қойған барлық шектеулерін алып тастап, судья қарсылығына қарамастан, бұйрықтың егжей-тегжейін жариялайтынын хабарлады.

«Судья үлкен айыппұл салды, біздің қызметкерлерді тұтқындаймын деп қорқытты және Бразилиядағы X-тің жұмысын тоқтатты. Нәтижесінде Бразилиядағы кеңсемізді жабуға мәжбүр болуымыз мүмкін. Бірақ принциптер пайдадан маңыздырақ», – деді Маск.

Бразилияның Бас прокуроры Хорхе Мессиас Масктың шешімін сынға алып, шетелдік платформалардың Бразилия заңдарын бұзуына жол бермеу үшін әлеуметтік медианы реттеуге шақырды.

«Біз шетелде тұратын миллиардерлер әлеуметтік медианы бақылайтын және сот шешімдерін орындамай, билігімізге қауіп төндірмей заңның үстемдігін айқындайтын қоғамда өмір сүре алмаймыз», – деді Мессиас.

Еске сала кетсек, Илон Маск өзінің Tesla-дағы үлесін 25%-ға арттырғысы келетінін өзінің Х әлеуметтік парақшасындамәлімдеген болатын. 

Ол өзінің Tesla-дан тыс өнімдер шығарғысы келетінін хабарлаған. Маск Tesla-ның бір ғана стартап еместігін, ол жерде ондаған стартапты дамытуға болатынын атап өткен.

Масктің компаниядағы үлесі Twitter-ді сатып алатын кезде азайды. Ол әлеуметтік желіні сатып алу үшін миллиардтаған долларлық Tesla акцияларын сатқан.

Илон Маск Twitter-ді шамамен, 44 миллиард долларға сатып алды. Ол бірден кадрлық қысқарту жүргізді және платформада түбегейлі өзгерістер жасады. Қазір компанияны ең ірі акционер, техникалық директоры және атқарушы төрағасы есебінде басқарады. Мұнымен қоса, Илон Маск Tesla автомобиль өндірушісі мен SpaceX аэроғарыштық компаниясының бас директоры екені белгілі.

Өткен жылдың күзінде миллиардер ендігіде X/Twitter-дің ақылы болатынын мәлімдеген. Әлеуметтік желінің қазірде 550 миллионға жуық ай сайынғы пайдаланушылары бар. Мұндай ауқымды аудиторияға ие желінің «үлкен бот әскерлерімен» күресу үшін «ай сайынғы төлемге ауысатыны» баяндалды.

Дегенмен Маск төлем құнын ашып айтқан жоқ. Әлеуметтік желі пайдаланушылары төлем түрінен, төлем құнына кіретін қосымша мүмкіндіктер жайынан бейхабар қалды. Шынайы қолданушы саны немесе бот құрамы, саны мен көірісіне қатысты түсініктеме де берілмеді.

Ақпараттық арналардың басым бөлігін уысында ұстаған айтулы кәсіпкер қазіргі уақытта X/Twitter-ді ай сайын 550 миллион адам қолданып, 100-ден 200 миллионға дейін хабарлама жасайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз