Акционерлері Samruk-Kazyna Ondeu (90,11% акция) және «Қазатомөнеркәсіп» (9,89% акция) болып табылатын Степногорск күкірт қышқылы зауыты – SSAP ЖШС өзінің өндірістік қуатын арттырмақшы. Бұл туралы 30 сәуірде Степногорск қаласында өтеді деп жоспарланған қоғамдық тыңдау материалдарында жазылған.
«Жоспарланған іс-шараны жүзеге асыру – күкірт қышқылы зауытының екінші желісін салу керек. Сол арқылы кәсіпорынның өндірістік қуатын, техникалық күкірт қышқылын өндіруді жылына 180 мың тоннадан 360 мың тоннаға дейін арттыру көзделген», – деп жазылған Ecoportal-да жарияланған құжатта.
Негізгі жабдықтың құрылымын жеткізуші итальяндық DesmetBallestras.p.a компаниясы. Ал технологиялық жабдықты өндіруші қазақстандық «Белкамит» кәсіпорны болмақ.
«Қатты күкіртті күкірт қышқылына айналдыру америкалық MECS (бұрынғы MonsantoEnvirochemical) компаниясының лицензиясы бойынша қос контактілі немесе қосарланған абсорбция (DCDA) технологиясының көмегімен жүзеге асырылады», – деп жазылған құжатта.
Жоспар бойынша кәсіпорын өзін электр және жылу энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Бірақ резервке жыл сайын «Степногорскенергосбыт» ЖШС-мен келісімшарт жасалады.
«Құрылыстың екінші желісін SSAP ЖШС шекарасында салу жоспарланған. Кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстары екі жыл ішінде (2024-2025 ж.ж.) жүргізіледі. 2026 жылы күкірт қышқылы зауытының екінші желісі іске қосылады», – деп жазылған қоғамдық талқыға шығарылған құжатта.
SSAP негізгі шикізат ретінде Теңізшевройл жеткізген түйіршіктелген күкіртті пайдаланады. 2021 жылы зауыт күкірт қышқылын өндіру көлемінің 100%-ына жетті. Үшінші тарап тұтынушыларының үлесі 1,5 есеге, экспорт 2,5 есеге өсті. Бұл алғаш рет 251 миллион теңге пайда табуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды компания. Зауыттың өткен жылғы таза табысы 1,7 млрд теңгені құрады.
Еске сала кетсек, кәсіпорында 2015 жылдың соңында алғашқы күкірт қышқылы өндіріле басталды. Ал, 2016 жылдың аяғында зауыт жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын өндіру бойынша толық қуатта жұмыс істей бастады.
Құны 13,3 миллиард теңге тұратын инвестициялық жоба еліміздегі 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД бағдарламасы және 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Күкірт қышқылы зауытын қалпына келтіру 222 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген. Жұмысшылардың орташа айлығы 154 526 мың теңгені құрайды.
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының дерегі бойынша, облыс аумағында 2015-2017 жылдар аралығында құны 815,2 миллиард теңгеге 110 жоба жүзеге асырылған.
Биыл «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы «Тайқоңыр» қышқыл зауытын өз иелігінен шығарды.