Ресей тарапы Қазақстанға бензин экспорты тоқтамайтынын мәлімдеді
Дүйсенбіде Reuters агенттігі Ресей Қазақстаннан 100 мың тонна жанармай сақтау үшін төтенше резерв жасақтауды сұрағаны туралы ақпарат жариялады. Бірақ Қазақстан тарабы бұны растаған жоқ. Ал Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі керісінше көрші елге тасымалдайтынын мәлімдеді. Жанармай экспортына тыйым салынғанына қарамастан, Қазақстанға бензин тасымалдай беруге мүдделі.
«Болжамды индикативті теңгерімдерге сәйкес Қазақстаннан Ресейге автокөлік бензинін жеткізу қарастырылмаған. Экспортқа шектеу қойған кезеңнің өзінде Ресейден Қазақстанға жылына 285 мың тоннаға дейін автокөлік бензинін жеткізу мүмкіндігін сақтап қалады», – деп хабарлады ресейлік ведмсвто «Интерфакс» ақпарат агентігіне.
Еуразиялық Экономикалық одақ пен үкіметаралық келісімдерден тыс жағдайда Ресей наурыз айынан қыркүйекке дейін тауарлық бензинді экспорттауға тыйым салған. Осыған қарамастан, Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары жанармай тапшылығы бар екені белгілі болып отыр.