Жаңалықтар

Халықтың мобильді интернетті қолдану көрсеткіші бойынша Қазақстан Грузия мен Қырғызстанды басып озып, Ресей мен Өзбекстаннан артта қалды

Коллаж: kursiv.media

Британдық Broadband Genie компаниясы жасаған халықтың интернетті пайдалану бойынша рейтингінде Қазақстан 63-орынға тұрақтады.

Тізімде Қазақстанның алдында Ресей (26-орын), Өзбекстан (43-орын), Беларусь (61-орын) сынды елдер тұр. Ал Португалия (71-орын), Грузия (76-орын), Қырғызстан (90-орын) артта қалған.

Сарапшылар 10 ГБ+ ұялы деректер құнын 179 елдегі орташа жалақымен салыстырды. Ең қолжетімді ұялы байланыс – Сингапурда деп есептелген. Аталған елде орташа жалақы 4 920,86 доллар болса, интернет тарифінің құны 17,13 доллар тұрады. Яғни жалақының интернет ақысына шаққандағы үлесі 0,35%-ды құрайды.

Ал Қазақстанда орташа жалақы 583,60 доллар, ал халықтың интернетке жұмсайтын шығыны 9,79 доллар (жалақысының 1,68%-ы) болып есептелген.

Дүние жүзінде адамдар мобильді интернетке жалақысының 4,09%-ын жұмсайды. Ай сайынғы тарифтік жоспардың орташа құны 24,20 долларды құрайды.

Халық әдетте жоғары жылдамдықты интернетке (3,81%) қарағанда жалақысының көп бөлігін мобильді интернетке жұмсайды.

Скриншот: broadbandgenie.co.uk

Мобильді интернет ең қолжетімді елдер:

1. Сингапур

Ұялы интернетке жалақының 0,35%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 17,13 доллар;

Жалпы тарифтер саны: 454.

2. Люксембург

Ұялы интернетке жалақының: 0,40%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 21,16 доллар;

Жалпы тарифтер саны: 174.

3. Израиль

Ұялы интернетке жалақының: 0,47%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 12,20 доллар;

Жалпы тарифтер саны: 629.

Мобильді интернет қолжетімділігі төмен елдер:

1. Гвинея

Ұялы интернетке жалақының 56,29%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 115,58 доллар;

Жалпы тарифтер саны: 3.

2. Замбия

Ұялы интернетке жалақының 30,29%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 87,12 доллар.

Жалпы тарифтер саны: 17.

3. Кот-д’Ивуар

Ұялы интернетке жалақының 23,20%-ы жұмсалады;

Тарифтік жоспардың орташа құны: 41,25 доллар;

Жалпы тарифтер саны: 25