Күнтізбеге 8 жаңа кәсіби мереке қосылуы мүмкін
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мереке бекітуде жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.
Құжат порталда 22 сәуірге дейін талқыланады.
Мерекелер туралы заңға сәйкес, елімізде Ұлттық мереке – 25 қазанда атап өтілетін Республика күні. Сонымен қатар 9 мемлекеттік мереке бар. Ол күндері елде демалыс жарияланады.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде мерекелік күндер тізімінде қалды, алайда ол күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған болатын. Сондықтан, қазақстандықтарға 1-желтоқсан күні демалыс берілмейді.