Мессенджерлерде үкімет басшысы атынан қаражат аударуға үндейтін жалған хабарламалар таралуда

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар да таралуда. Оның ішінде елге көмектесу үшін мессенджерлер көмегімен белгілі бір шотқа қаражат аударуға үндейтіндер көбейді. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі тұрғындарды ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

«ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды  анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде», – делінген «UKIMET» телеграм желісінде.

Мұндай әрекеттер интернет кеңістікте жиі кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз