Алматыда қоқысты кофе немесе бургерге ауыстырып алуға болады
Алматыдағы арнайы қабылдау орталықтарына қоқыс өткізіп, купон алып, кейіннен оны кофе, бургер, донер немесе пиццаға айырбастауға болады.
«Қалада басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» акциясы өтеді. Акцияның өткізу мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуір – 8 мамыр», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
«Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» жобасы – қала тұрғындарын сыйлық купондарының орнына қайталама шикізатты жинауға және қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын экологиялық бастама. Акция қалдықтармен байланысты мәселелер және оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.
Акцияға қатысушылар макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге арналған шикізатты өз бетінше жинап, оның қабылдау пунктеріне өткізуі қажет.
- Алатау ауданы: Ecosen (Нұркент, 7/1), (Байзақов, 73/1)
- Әуезов ауданы: Kazakhstan Waste Recycling (8 ш/а, 58а), (Ақсай-3 ш/а, 1а/1)
- Бостандық ауданы: Kazakhstan Waste Recycling (Тимирязев көш, 81/3 дүңгіршек), Ecosen (Розыбакиев көш, 247/3)
- Медеу ауданы: Kazakhstan Waste Recycling (Самал-1, 32 дүңгіршек), Эко-товарлардың «Hello Eco» дүкені (Самал-2, 56А үйі)
- Жетісу ауданы: Қабылдау пункті (Қазыбаев көш, 264а)
- Наурызбай ауданы: Қабылдау пункті (Райымбек даңғылы, 548/2)
Қоқысты қабылдау орындарынан купон алуға болады. Әрбір купонда осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокод болады:
- Кофе купонына 2 кг макулатура (Қағаз, картон);
- Бургер купонына 1 кг пластикалық бөтелкелер (ПЭТ бөтелкелері);
- Донер немесе додстер купонына 1 кг алюминий банка;
- Пицца купонына 3 кг мөлдір шыны (түссіз) бөтелкелер.
Купон 2024 жылдың 8 мамырына дейін жарамды болады. Оларды «Salam Bro», «Dodo pizza», «Gippo», «Degirmen» компанияларында тағамға ауыстыруға болады.
«Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» «Алматы қаласының жасыл желектер тізілімі» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу және өзектендіруге арналған ArcGis ақпараттық жүйесін жетілдіруге 58,9 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
Бұл жетілдірілген бағдарлама көмегімен әкімдік бюджет қаражаты шегінде отырғызылған жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына мониторинг жүргізеді. Сол мақсатта атқарылған жұмыстар, жасыл желектер және олардың жай-күйі туралы мәліметтер «Алматы қаласындағы жасыл желектердің тізілімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Деректер енгізілген соң, Алматы қаласының 8 ауданында апатты ағаштарды кесу, санитарлық кесу, химиялық (биологиялық) өңдеу және ағаштарды азықтандыру бойынша профилактикалық жұмыстар бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, ұсыныстар беріліп отырады.