Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартып, бір унциясы үшін 2400 доллардан асты
Алтын бағасы жұма күнгі саудада тағы бір рекорд орнатып, алғаш рет 1 унциясы үшін 2400 доллардан асты.
Нью-Йорк Comex биржасында маусым айындағы алтын келісімшарттарының бағасы бір унция үшін 1,7%-ға өсті. Осылайша құнды метал бағасы 2 413,9 долларды құрады. Жыл басынан бері алтын 14% қымбаттады.
«Бағалы металға Федералдық резервтің пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне қатысты болжамдар ықпал етті. Сонымен қатар жоғары геосаяси тәуекелдер және орталық банктер тарапынан сұраныстың артуы себеп болды», – деп хабарлайды MarketWatch.
«Келесі аптада АҚШ-та тиісті деректер жарияланады. Алайда алтынның айтарлықтай қысымға ұшырауы екіталай», – деп жазды Commerzbank тауарды зерттеу бөлімінің басшысы Ту Лан Нгуен.
2023 жылдың желтоқсан айында айында метал шамамен 16%-ға қымбаттады. Бұндай өсімге Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың басталуы себеп болды.
Сарапшылар 2024 жылдың күзіне қарай алтын мен күміс бағасы одан әрі қымбаттап, унциясын 2200 долларда асуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Алайда алтын сарапшылар болжамынан да жылдам қымбаттап барады.