Павлодар облысында адам өлтіргені үшін сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген
Павлодар облысының Железин ауданында адам өлтіргені үшін сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеп келген.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сүйенсек, Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген.
«Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратура аудандағы балабақшалардың бірінде бұрын адам өлтіргені үшін сотталған адамның 5 жыл бойы жұмыс істеп келгенін анықтаған.
Бұдан бөлек, бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар істегені анықталған.
Железин ауданы прокуратурасының тексеруінен кейін, аталған азаматтар жұмыстан шығарылып, білім беру мекемелерінің басшылары тәртіптік жазаға тартылған.
Қазақстан мектептерінде 100 пайыз бейнебақылау орнатылғанымен, олардың 55 пайызы бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сай емес екендігі белгілі болған. Қазіргі кезде белгіленген стандарттарға сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Біріншіден, барлық бейнебақылау камерасын бекітілген талап мен стандартқа сәйкестендіру. Екіншіден, қала мектептерін арнайы күзетпен қамтамасыз ету. Үшіншіден, білім беру ұйымдарын «дабыл түймелерімен» 100% қамтамасыз ету.