Су  тасқынынан зардап шеккендер «eGov mobile»  мобильді қосымшасы  арқылы өтінім бере алады

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Су  тасқынынан зардап шеккендер алдағы уақытта мобильді қосымша арқылы өтінім бере алады. Бұл жайында Орталық коммуникация қызметі брифингінде ҚР Еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев  хабарлады. Әзірше бұл қызмет түрі Ақмола облысында қолданысқа енеді.

«Су тасқыны болған аймқатардағы тұрғындар  үшін «Электронды үкімет» мобильді  қосымшасында өтінім беру тетігі іске қосылды», – деді Мадияр Уақпаев.

Оның мәліметінше, балаларды қоса алғанда, 4 мыңға жуық адамға мүгедектікті қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ бойынша жүзеге асырылады.

Су басқан аймақтардан  мүгедектігі бар 96 адам көшірілді. Республика бойынша қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық 118 орталық штаттық режимде жұмыс істеуде.

Сондай-ақ оқыңыз