Ұлыбритания су тасқынына қарсы күресте Қазақстанға көмектесуге дайын

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ұлыбритания су тасқынына қарсы күресте Қазақстанға көмектесуге дайын / shutterstock

Ұлыбритания Қазақстанға су тасқынына қарсы күресте көмектесуге дайын. Бұл туралы британдық СІМ басшысының орынбасары Нусрат Гани Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақстандағы су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы аймақтарға зиян келтірді. Біз зардап шеккендер мен әсіресе эвакуациялауға тура келген азаматтармен бірге екенімізді айтқымыз келеді. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күрестің алдыңғы қатарында. Ұлыбритания Қазақстанға көмектесуге дайын», – деп жазды Нусрат Гани.

Осыған дейін Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлаған. Елдің Сыртқы істер министрлігі сайтында 7 сәуір күні ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстан халқына көңіл айту хаты жария болды. Түркия Қазақстанға кез келген қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін атап өткен. 

Қырғызстан Қазақстанға 270 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен. Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінің тұрғындарына азық-түлік, киім-кешек, матрастар жеткізіледі. Қырғызстан министрлер кабинеті гуманитарлық көмекке 40 миллион сом бөлді.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі су тасқынының салдарымен бетпе-бет келіп, қаза тапқан қазақстандықтардың туыстарына көңіл айтты. Ведомствоның Х әлеуметтік желісінде пайда болған ақпаратта Әзірбайжан Қазақстандағы су тасқынына алаңдаулы әрі бауырлас елмен бірге қайғырып жатқаны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз