Қандай акцияларды сатып алып, қайсысын сатқан дұрыс? 

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Акцияларды сатып алу, сату немесе ұстау: талдаушылар ұсыныстары қандай? / Фото: shutterstock

Тәжірибелі инвесторлар да, жас инвесторларды да алаңдататын негізгі үш сұрақ бар: акцияларды сатып алған дұрыс па, сатып жіберу керек пе әлде ұстай тұрған жөн бе? Бұл сұрақтарға Freedom Broker мамандары жауап берді. 

Олар бүкіл әлемге танымал Buy, Hold, Sell рейтинг жүйесін қолданатындарын айтады. Бұл ретте әрбір инвестициялық банк пен талдаушы рейтингтердің әрқайсысы үшін өз өлшемшарттарын дербес белгілейтінін білу маңызды. Олардың ішінде ең маңыздысы – болжамды кірістілік, бағалы қағаз құнының артуы.

Buy, Hold, Sell деген не? 

Freedom Broker компаниясының талдаушылары қазақстандық бағалы қағаздар нарығы үшін пайдаланатын рейтингтік жүйенің өлшемшарттары мынадай:  

– BUY. Рейтинг тағайындалған кезде келесі баға 6-12 ай ішінде 20%-дан астамға өседі деп күтілетін акция.

– HOLD. Рейтинг тағайындалған кезде баға келесі 6-12 ай ішінде минус 10%-дан плюс 10%-ға дейін өзгереді деп күтілетін акция.

– SELL. Рейтинг тағайындалған кезде келесі баға 6-12 ай ішінде 10%-дан астамға төмендейді деп күтілетін акция.

Рейтингтер нені білдіреді?

BUY – Freedom Broker жұмыс істейтін негізгі ұсыным. Қағаздың өсуіне әсер ететін факторлардың бірнеше түрі (триггерлер деп аталады) пайда болған кезде сатып алу маңызды.

«Біздің міндетіміз – оны клиенттер үшін бірінші болып табу. Тағы бір ұқсас жағдай жиі кездеседі. Мысалы, компания оң тоқсандық немесе жылдық қаржылық есеп шығарды, біз оны талдап, сатып алуға кеңес бердік», – дейді Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.

Сол үшін де компаниялардың тоқсандық есебі нарықтағы сауда-саттықта маңызды рөл атқарады. Компанияның есептілігіндегі бағалау үшін маңызды сәттер ретінде дивидендтер деңгейіне, борыштық жүктемесіне, өтімділік деңгейіне, өсу қарқыны мен маржасына, сондай-ақ компанияның қаржылық нәтижелер бойынша алға қойған мақсаттарына жету қабілетіне әсер ететін акцияға шаққандағы пайда мен еркін ақша ағынын бөлуге болады.

Бұл ретте техникалық талдау құнды қағаз бойынша BUY ұсынымын беруге негізгі фактор болмайды. Өйткені өсуге іргелі қорсыз мұндай ұсыным толыққанды бола алмайды. Алайда оның арқасында тиімді сатып алу кезеңін анықтауға болады. Бұл қағаздар өскен жағдайда инвестордың әлеуетті кірісін барынша арттырады.

Freedom Broker компаниясының талдаушылары HOLD ұсынымын көбінесе акциялардың нысаналы бағасы қазіргі нарықтық бағаға жақын болған кезде пайдаланады. Қағаздар нысаналы бағаларға дейін өсетін, теріс қаржылық нәтижелер бұған дейін көрсетілгеннен кейін өздерінің көрсеткіштері мен перспективаларын жақсартатын немесе қаржылық көрсеткіштердің одан әрі өсу белгілерін де, сондай-ақ олардың төмендеу белгілері жоқ жағдайларда осы ұсынымды береді.

Ал SELL – BUY-ге қарама-қарсы ұсыным. Бұл жағдайда қағаздар қаржылық көрсеткіштердің нашарлауы немесе олардың болашағы түріндегі, мысалы, сәтсіз есептен кейін триггері болады. Жергілікті деңгейлер үшін SELL – ұсыным қағаз шамадан тыс сатып алу аймағына өтіп, түзету белгілерін көрсеткеннен кейін берілуі мүмкін. Мысалы, күшті қарсылық деңгейлерінде төмендеу дивергенциясын құрайды.

Қандай акцияларды сатып алу, сату немесе ұстау керек?

«Сатып алуға» (BUY) кеңес берілген KASE индексінде бірнеше компания бар.

«ҚазМұнайГаз» (нысаналы бағасы 14 800 теңге) – акциялар өсу қоры 20%-ды құрайды. 2023 жылы компания мұнай өндіруді 6,9%-ға арттырды, ал 2023 жылғы соңғы тоқсанда екі жыл ішінде үздік болды. Тоқсандық мұнай өндіру 6,02 млн тоннаға жетті, бұл соңғы сегіз тоқсандағы үздік нәтиже. Негізгі операциялық активтерде мұнай өндіру 3,5 млн тоннаға жетті. Алдағы уақытта өсудің ситуациялық триггерлерінің бірі желтоқсан айының ортасынан бастап шамамен 23,3%-ға өскен мұнай бағасының серпіні болуы мүмкін. 

«Қазатомөнеркәсіп» (нысаналы бағасы 23 200 теңге). Қағаздар орта мерзімді арнаның төменгі шекарасында орналасқан және қайта сатылған болып көрінеді. Бұл төртінші тоқсандағы және бүкіл 2023 жылғы соңғы оң есептің маңыздылығын арттырады

«Компанияның 2023 жылғы түсімі рекордтық 1,43 трлн теңгені құрап, ж/ж 43%-ға өсті. Біз күкірт қышқылына байланысты өндірістік қиындықтар уақытша болуы мүмкін деп санаймыз және болашақта компания уран өндіру мен сатудың бұрынғы мақсаттарына қол жеткізе алады. Оның үстіне, компания дивидендтерді кем дегенде 53%-ға арттыра алады»,  – деп есептейді талдаушылар. 

Kaspi.kz (нысаналы бағасы 64 100 теңге) – қағаздар сәтті тоқсандық есепті, іргелі өсу қорын және қолайлы техникалық көріністі біріктіреді.  Компанияның 2023 жылғы төртінші тоқсандағы пайыздық кірісі 231 млрд теңгені құрап, ж/ж 39%-ға және т/т 6,3%-ға ұлғайды. 

«Ұстауға» (HOLD) кеңес берілген компанияларға БЦК акцияларын (нысаналы бағасы 1 240 теңге) жатқызуға болады. Себебі олар айтарлықтай қатты өсті және қазір Freedom Broker компаниясы талдаушыларының соңғы ұсынымынан әлдеқайда қымбат тұрады. Бүгінгі таңда қағаздардың бағасы соңғы бағалау бағасынан 29%-ға жоғары.

«Сатуға» (SELL) кеңес берілген тек Kcell қамтылған (нысаналы бағасы 1 490 теңге). Үшінші тоқсанда компанияның ақша ағыны теріс – 23 млрд теңге. Бұл қарыздардың 22 млрд теңгеге таза ұлғаюына әкелді. Осыған байланысты акционерлердің дивидендтерге сенуі екіталай.

Ұсынымдарды орындаған жөн бе?

Акцияны сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдау кезінде талдаушылардың көмегі, сөзсіз, пайдалы. Өйткені ұсынымдар компаниялардың есептеріне, жаңалықтарға және жалпы экономикалық жағдай туралы деректерге негізделген. Бірақ оларды іс-қимыл жасауға нұсқаулық ретінде бірден қабылдауға болмайды.

Міне, аналитикалық болжамдардың дәлдігіне әсер ететін бірнеше мысал бар. Нарықта қандай да бір жағдайда не болатынын ешкім болжай алмайды. Өзгерістерге себеп табиғи құбылыстар да, тарихи оқиғалар да болуы мүмкін. Нарықтың болжамдарына сәйкес келмейтін үрдістер болады. Осылайша, талдаушылардың болжамдары мен ұсынымдары қосымша ақпарат көзі.

«Инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде, ең алдымен, тәуекелге қаншалықты дайын екеніңізді түсіну маңызды. Сіз шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Талдаушылардың ұсынымдары сіз ақша салу кезінде ескеретін немесе мүлдем ескермейтін факторлардың бірі ғана. Егер сізге инвестициялық идеялар қажет болса, талдаушылардың пікірі пайдалы болуы мүмкін», – деп қорытындылады Freedom Broker компаниясының талдаушылары.

Сондай-ақ оқыңыз