«Самұрық-Қазына» еншілес кәсіпорнына Өскемен және Шүлбі су электр станцияларын сатпақ
«Самұрық-Қазына» қорының энергетикалық еншілес кәсіпорны «Самұрық-Энерго» 59,7 млрд теңге қосымша қаржы тартпақ. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатта жазылған.
KASE-дегі ақпаратқа сүйенсек, «Самұрық-Энерго» бір акцияға 96,47 мың теңгеден 375,5 мың қарапайым акция орналастырады. Осылайша, тартылған қаражаттың жалпы көлемі 36,2 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте тек жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ғана мәміледен бас тарту құқығына ие. Төлем ретінде энергетикалық компания нарықтық құны 32,6 млрд теңгені құрайтын Шүлбі СЭС-ін 100% сатып алады.
Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» бір акциясы 90,4 мың теңгеден тұратын тағы 260 мың қарапайым акцияны орналастырады. Жиналған қаражат көлемі 23,5 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржыға «Самұрық-Энерго» «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС-ні сатып алады. Оның нарықтық құны да 23,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
«Жарияланған акциялар саны шегінде акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы орналастыру бағасы бір акцияға 96 470 теңгеден 375 500 дана қарапайым акцияны және орналастыру бағасы бір акцияға 90 406,70 теңгеден 260 000 қарапайым акцияны орналастыру туралы шешім қабылданды», – деп жазылған қор биржасының сайтында.
«Самұрық-Энергоның» 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы таза пайдасы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 34 млрд теңгеден 25,8 млрд теңгеге дейін азайды. Активтер 965,8 млрд теңгеден 987,7 млрд теңгеге өсті. Міндеттемелер 26 млрд теңгеге азайып, 406,6 млрд теңгеге жетті. Капитал 533,1 млрд теңгеден 581,1 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы компания есебінде жазылған.
«Шүлбі ГЭС» электр станциясының құрылысы сонау 1976 жылы Кеңес Одағы кезінде басталды. 11 жылдан кейін бірінші гидроагрегат іске қосылды. Өскемен су электр станциясының құрылысы 1939 жылы басталып, 1952 жылы пайдалануға берілді. 1997 жылы екі станция да америкалық AES Corporation энергетикалық компаниясына берілді.
2017 жылғы 1 қазанда Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті Қазақстан мен америкалық компания арасындағы келісімнің мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен СЭС-індегі мемлекеттік үлесті иелену және пайдалану құқығын Энергетика министрлігіне берді. Содан кейін бұл нысандар 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілді.
Еске сала кетсек, былтыр қанада «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан қор биржасында 38,5 млрд теңгеге өзінің 403 750 қарапайым акциясын орналастырды. Компанияның орналастырылатын акцияларын жалғыз акционері сатып алды.