Қытай ірі мемлекеттік несие берушілерге, орталық банкке және негізгі реттеушілерге қатысты жемқорлық фактісі бойынша жаңа тексеруді бастады.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, елдің Қаржы министрлігі, Ұлттық қаржылық реттеу басқармасы және Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық органдарының тексеру нысанына айналған.
Есепке сәйкес, Қытайдың Industrial & Commercial Bank of China Ltd басқаратын ірі мемлекеттік несие ұйымдары да тексеріледі. Сондай-ақ Шанхай мен Шэньчжэньдегі негізгі биржаларға назар аударылады. Орталық үкіметтің инспекциялық топтары қатысқан 34 ұйымның ішінде 17 ұйымға тексеруге барды. Жалпы инспекция жұмыстары үш айға созылады.
Айта кетейік, 2021 жылы 25 ірі қаржы ұйымдарындағы парақорлыққа қарсы осындай тексерулер бүкіл салада жаппай қамауға алу және айыппұл салуға әкелді. Тек 2023 жылдың өзінде кем дегенде қаржы саласындағы 130 шенеунік пен топ-менеджер жауапқа тартылды.
Орталық банк пен бағалы қағаздарды реттеуші тексерулердің басталғанын жариялады. Сейсенбіде жарияланған баспасөз хабарламасында CSRC төрағасы Ву Цин проблемаларды жоюға және капитал нарығын сапалы дамытуға уәде берді. Қытай Халық банкінің менеджері Пан Гуншэн де алдағы тексеру барысында анықталған мәселелерді дереу жоюға уәде берді.
Қытайдың бас хатшысы Си Цзиньпин жүйелік қаржылық тәуекелдерді болдырмай, әлемдегі екінші ірі экономиканы тұрақтандыруға тырысып жатқан кезде кадрлар мен корпорация басшылары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа көбірек көңіл бөлуді тапсырған.
Си Цзиньпиннің парақорлыққа қарсы ұзақ мерзімді науқаны 1,5 миллионнан астам мемлекеттік шенеуніктердің отставкаға кетуіне әкелуі мүмкін.
Осыған дейін Сингапур биржасында темір рудасы 4,8%-ға арзандап, тоннасына 107,5 долларға түскенін жазған едік. Goldman Sachs Group Inc осыған дейін Қытай экономикасының өсіміне жылжымайтын мүлік нарығының әлсіреуі көп жылдық кедергі болуы мүмкін екенін ескерткен. Темір рудасының бағасы соңғы 9 сауда сессиясында қатарынан арзандады. Инвестициялық банк туындаған қиындықтар Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыптастқан жағдай екенін атап көрсетті. Яғни қалалардың нашар дамуы мен жекелеген мердігерлерді қаржыландыру мәселесімен байланысты екенін мәлімдеді. Goldman Sachs банкінің болжамынша, нарық «L-сипатта», яғни айтарлықтай құлдыраудан кейін барып қана қалпына келеді.