Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қайшы: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат сатқан

Жарияланды
БҚДА
БҚДА пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтеріне талдау жүргізген / Фото: БҚДА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қатты пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтері нарығына талдау жасап, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің іс-әрекеттерінен бұзушылықтар анықтаған. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік хабарлауынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнай бұйрық шығарып, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына инвесторлардан ақы алу құқығын берген.

Солайша 2022-2023 жылдарда жалпы сомасы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат алуға 3999 өтінім түскен. Ең көп төлем сомасы – 1 қызмет үшін 38,9 млн теңгені құраған.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл бұйрығы барлық мүдделі тарапқа геологиялық ақпаратқа ашық және тегін қол жеткізуге кепілдік беретін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің талаптарына қайшы келеді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ал негізінен бұл норма жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ете отырып, үмітті инвесторларды қолдауды қамтамасыз етеді. Осы заңнамаға сәйкес монополияға қарсы орган заңдарда көзделмеген ақы алу бойынша заңсыз қызметтерді тоқтатқан. Осыған байланысты, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілген.

Сондай-ақ оқыңыз