Жаңалықтар

Қазақстандықтарды наурыз айында қандай жағдай көбірек алаңдатты

Фото: shutterstock

Қазақстандағы тұтынушылардың сенімділік индексі (CCI) наурыз айында төртінші рет қатарынан төмендеді. Бұл жолғы төмендеу едәуір болды. Бір айдың ішінде инфляциялық күтулер де төмендеді. Теңгенің долларға қатысты бағамы нығайғаны қарамастан, қазақстандықтардың девальвациялық болжамы да біршама өсті. Сондай-ақ күнделікті қолданылатын азық-түлік бағасы мен жұмыссыздық мәселесі де қазақстандықтарды көп толғантады. Бұл туралы Freedom Finance Global компаниясының зерттеуінде айтылған.

Тұтынушылық сенімділігі күрт түсті

Қазақстандағы тұтынушылық сенімділігі наурыз айында 5,6 тармаққа төмендеп, 95,1 тармаққа жетті. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың экономикалық ахуал бойынша бағалары мен күтулері барынша нашарлады. Өткен 12 айдың ішінде елде орын алған экономикалық жағдайдағы өзгерістердің қосалқы индексі күрт төмендеді. Зерттеу жүргізіліп келе жатқан 19 айда антирекорд болды. Экономиканың жақсаратынына сенетіндер саны 12,1% ғана. Ал сауалнамаға қатысқан респонденттердің 53,2%-ы онымен келіспеді.

Өңірлер бойынша алып қарайтын болсақ, жағымсыз пікір білгендер – Абай, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының тұрғындары.

Баға өсіп, тамақ қымбаттайды

Бір жылдық деңгейде экономикалық жағдайдың күтілетін өзгерістерінің қосалқы индексі де наурызда 7,7 тармаққа күрт төмендеп, 122,3-ке жетті. Наурыз айында экономиканың келешегіне қатысты оң жауап берген қазақстандықтардың үлесі 54,1%-дан 49,7%-ға дейін төмендеді

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың инфляциялық күтулер қаңтардағы төмен көрсеткіштен сәл жоғары болды. Дегенмен бір жыл ішінде баға өседі дейтіндер 20,4-тен 21,2%-ға дейін шамалы өсті.

Қазақстандықтарды жекелеген тауарлар мен қызметтер арасында ет пен құс, сүт және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер және нан және нан-тоқаш өнімдері сияқты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасы толғандырады. Сондай-ақ наурызда респонденттердің 22%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері бағасының қатты өскенін байқаған. Бұл жаңа рекорд болды.

Ақша жинағаннан, кредит алуға деген сенім көп

Көктемнің алғашқы айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы  0,9%-ға нығайды. Алайда осыған қарамастан, қазақтандықтардың девальвациялық күтулері төмендеген. Бір жыл ішінде доллар өседі деп ойлайтындар көрсеткіші 50,5-тен 52,7%-ға дейін өсті, ал бір ай деңгейінде 29,3% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Кредитке деген сенімділік индексі 0,4 тармаққа өсті. Қазіргі уақытты кредит алу үшін қолайсыз уақыт деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 51,8%-дан 51%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте қазіргі уақытты ақшаны депозитте ұстау жақсы уақыт деп санайтындардың үлесі 32,4%-дан 31,6%-ға дейін төмендеді. Жалпы зерттеу жасалып келе жатқан уақыт ішінде ақша жинауға деген сенімділік үнемі төмен болған.   

Ел тұрғындарының 49,3%-ы ештеңе алаңдамайтындарын айтып, тыныш уақыт екенін айтады (ақпанда 54%). Сонымен қатар жұмыссыз қалудан қорқатындар әр ай сайын өсіп отыр.  Егер ақпан айында тұрғындардың 41%-ы оны өседі деп күтсе, наурызда 42,6%-ы осындай ойда болған. 

Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы:

«2024 жылғы наурыз тұтастай алғанда тұтынушылық сенімділік индексін (CCI) өзгерту мәселесінде Орталық Азия елдері үшін біркелкі айға айналды. Екі елде (Қазақстан, Тәжікстан) CCI индексі айтарлықтай төмендеді, бұл ретте аталған мемлекеттер үшін мұндай серпіннің түсіндіру мүлдем әртүрлі болып табылады. Қазақстан қайтадан бейтарап шектен 100 тармаққа төмен болып шықты, ал Тәжікстан көшбасшы болып келеді. Сонымен қатар Өзбекстанда, керісінше, ақпан айындағы құлдыраудан кейін көрсеткіштер күрт қалпына келді, ал Қырғызстанда CCI индексі бұрынғы деңгейде қалды».

2023 жылғы шілдеден бастап Қазақстанда ай сайын шамамен 3600-ге жуық адам сауалнамаға қатысады. Деректерді жинау әдісі – телефон арқылы сауалнама жүргізу. Сауалнама жүргізу бейімдендірілген: зерттеу респонденттердің ана тілінде жүргізіледі.