ЕАЭО елдері арасында Қазақстан өнеркәсібінің өсімі ең төмен
Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өндірісі бойынша ең төменгі өсім көрсеткен. Өнеркәсіп саласы екі айда 4,6% өскен.
Ең жоғары көрсеткіш Армения (28,9%), Қырғызстан (7,8%), Беларусь (7,1%), Ресей (6,6%) мемлекетінде тіркелген.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ЕАЭО жалпы өнеркәсіптік өндірісінің 87,5%-ы – Ресейге, 7,3%-ы – Қазақстанға, 4,3%-ы – Беларуське, 0,5%-ы – Армения мен 0,4%-ы Қырғызстанға тиесілі.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден Беларусь көш бастап тұр. Беларусьтан( 6,9%) кейін
( 6,9%), Қырғызстан (1,4%), Қазақстан ( 1,3%) мен Ресей (на 0,2%) келеді. Құрылыс жұмысы көлемі Қырғызстанда 47,3 пайыз өскен. Қазақстанда бұл көрсеткіш 12,7 пайыз болса, Беларусь ( 5,1%) пен Ресейде (на 4,5%) көрсеткіштен жоғары емес.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бөлшек сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті. ЕАЭС елдері арасында бөлшек сауда айналымының өсімі бойынша да Қырғызстан алда келеді: екі айда 16,2% өсім көрсеткен. Беларусь (12,6%), Ресей (10,7%), Қазақстан (4,7%), Арменияда (4,4%) өсім бар.
Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,3%-ға (бір жылмен салыстырғанда) төмендеп, жүк айналымы 3,2%-ға қысқарған. Ал тұтынушылық баға ең жоғары өсім – 1,9% сақталды. Салыстырар болсақ, Беларусьте бұл көрсеткіш 1,7%, Ресей Федерациясында 1,6%, Қырғызстанда 1%, Арменияда 0,4 пайызға тең болған.
ЕАЭО аймағында азық-түлік бағасының индексі ақпанда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,0%-ды құрады. Ең жоғары баға индексі Ресей (102,0%), Қазақстан (101,9%) мен Беларусьте (101,8%) тіркелді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар ЕАЭО елдері арасында Қазақстанда қатты қымбаттаған.
Одаққа кіретін елдерде осы айларда 1 млн адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда олардың қатары Ресей, Армения, Қырғызстан мен Беларусьте аздап азайғанымен, Қазақстанда жұмыс іздегендердің де ресми мекемелерге жұмыссыз ретінде тіркелгендердің де саны артқан.
ЕАЭО елдері арасында азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын – Қазақстан халқы.