Жаңалықтар

Су тасқынына көмек ретінде компаниялар мен қайырымдылық қорлары қанша қаржы бөлді?

Бизнес қомақты қаржы бөлді / Коллаж: kursiv.media

Бүгінде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалған. Бұл ретте түрлі компаниялар мен қайырымдылық қорлары су тасқыны салдарын жоюға қаржы бөлуде. «Курсив» 2024 жылғы 18 сәуірдегі деректер негізінде арнайы инфографика жасады.

Қазақстанда наурызда басталған су тасқыны салдарын жою, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралған.

Еске сала кетсек, наурызда еліміздің бірнеше аймағын су басты. Тұрғындар эвокуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Мәжіліс депутаттары зардап шеккен шаруалардың ауыл шаруашылығы мақсатында алған несиелерін төлеуді 3 жылға дейін шегеруді ұсынды