Жаңалықтар

Канадалық компания ERG-ден жылына 3 мың тонна кобальт гидроксидін сатып алады

кобальт гидроксидін
Канада 3 мың тонна кобальт сатып алады. Фото: kursiv.media

Канадалық Electra Battery Materials корпорациясы мен Eurasian Resources Group (ERG) Торонто маңындағы Electra зауытына жыл сайын 3 мың тонна кобальт гидроксидін жеткізу туралы келісімге келген. Зауыт одан электромобиль аккумуляторлары өндірісінде пайдаланылатын кобальт сульфатын өндіреді. Келісім 3 жылға жасалған. Шикізат Конго Демократиялық Республикасындағы ERG-ге тиесілі Metalkol кәсіпорнынан жеткізіледі.

Компания хабарламасында мәміле аймақтың аккумуляторды жеткізу тізбегін дамыту және шетелдік өндірушілерге тәуелділікті азайту үшін жасалғаны айтылған.

Үш жылдық жеткізу келісімінің шарттарына сәйкес, ERG 2026 жылдан Electra зауытына жыл сайын 3000 тонна IRA стандартына сай кобальт жеткізеді. Осы келісімнің негізінде Electra зауытына қажет кобальт гидроксиді толық қамтамасыз етіледі.

Конго дүниежүзінде өндірілетін кобальттың шамамен 75%-ын шығарады. Шикізаттың шамамен 90%-ы электр көлік аккумуляторларын өндіруде пайдаланылады. Оның басым бөлігі Қытайда өңделіп, кобальт нарығының 80%-ға жуығын қамтиды.

Кобальт зауыты

«Қазіргі уақытта кеңейтілген ынтымақтастық Electra компаниясының Канаданың Квебек провинциясындағы Беканкурта екінші кобальт өңдеу зауытын салу жоспарларының бір бөлігі ретінде қарастырылып жатыр»,делінген хабарламада.

Electra және ERG Беканкуртада (Квебек) тағы бір кобальт зауытын салу кезінде тәуекелдерді азайту үшін одан әрі ынтымақтастықты зерттеп жатыр.

АҚШ-та 2025 жылдан бастап «күмән тудыратын шетелдік компаниялар» шикізатын пайдаланған электр көліктерді сатып алғанда 7 500 долларлық жеңілдік жүрмейді. Бұл Америка мен Канададағы өндірушілерді өздері кобальт өңдеу мен электр көліктеріне арналған аккумуляторларды қауіпсіз етуге ынталандырады. Сондықтан Electra Солтүстік Америкадағы алғашқы кобальт сульфаты зауытын салып жатыр.

Торонтодағы Electra зауыты әлі іске қосылмаған. Оның қазіргі құны 200 миллион долларды құрайды. Пайдалануға берілгеннен кейін, жылына 1,5 миллионға дейін электромобиль шығаруға жеткілікті кобальт өндіре алады.

ERG – феррохром және кобальт өндірісі бойынша әлемдік көшбасшының бірі және Еуразия аймағындағы темір рудасы мен алюминий өнімін ірі жеткізушілердің бірі. Топ құрамындағы ең маңызды кәсіпорындар Қазақстанда орналасқан: «Қазхром», «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты, Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл көмір, «TransCom», т.б.

ERG Африкада мыс пен кобальт кенін өндіріп, өңдейді және мыс концентраты мен кобальт гидроксидін шығарады. ERG компаниясының Конгодағы мыс-кобальт қалдықтарын өңдейтін зауыты әлемдегі екінші ірі кобальт өндірушіге айналған. Frontier – ERG мыс концентраттарын өндіретін кәсіпорын.

ERG-дің түпкілікті иесі: ҚР Қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы – 20,7%, Патох Шодиев – 18,6%.

Бұған дейін ERG құрылымына кіретін ERG Exploration компаниясы Қазақстанда пайдалы кобальт, литий және мыс іздейтіні белгілі болды.