Жаңалықтар

Астана полициясы мектептерге террорлық қауіп төнгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Астана полициясы мектептерге террорлық қауіп төнгені туралы ақпаратты жоққа шығарды / коллаж kursiv.media (gov.kz және shutterstock)

Астана қаласының полиция департаменті елорда мектептеріне террорлық қауіп төніп тұрғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

19 сәуір таңертең желіде Астана қаласының мектептерінде террорлық шабуыл болатыны туралы ақпарат тараған. Онда бірнеше мектепке шабуыл жасау және бірнеше оқу орнына бомба қойылғаны туралы мәліметтер болған.

Алайда елордалық полиция департаменті ақпаратты жоққа шығарды және тиісті қызметтер білім беру орындарында тексеру жүргізгенін хабарлады

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді», – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұрады. Бұдан бөлек, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған еске салды.

Астана қаласының білім басқармасы қала мектептерінде екі ауысым оқушылары да штаттық режимде оқитынын хабарлады.

19 сәуірде Қарағанды қаласында да осыған ұқсас мәліметтер тараған. Сағат 10:40 шамасында 102 телефонына қаладағы Орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлерімен дүкен іші тексеріп, жарылғыш зат табылмағанын хабарлады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Осыған дейін қаңтар айында әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған. Осы факті бойынша полиция департаменті көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағаны белгілі болған.