Қытай билігі Apple компаниясынан App Store-дегі WhatsApp пен Telegram-ды өшіруді талап етті – The Wall Street Journal

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қытай билігі мессенджерлер қызметін шектеді / Архив: kursiv.media

Ресми Бейжің Apple Inc. компаниясынан Қытайда бірқатар танымал қосымшаны алып тастауды талап етті, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

19 сәуір компания Meta Platforms Inc., WhatsApp және Threads қызметтерін App Store дүкенінен алып тастады. Сондай-ақ Signal, Telegram және Line мессенджерлері де өшірілді.

Қытай билігі бұл талабын ұлттық қауіпсіздік үшін жасалды деп түсіндірген.

«Біз келіспеген жағдайда да жұмыс істейтін елдеріміздің заңдарын сақтауымыз керек», – деп хабарлады Apple өкілі.

Айта кететіні, бұл жедел хабар алмасу құралдарының барлығы Қытайда кеңінен қолданылады. Дегенмен олар елде VPN қызметтері арқылы ғана қолжетімді.

«App Store дүкенінен алып тастау талабы интернет пайдаланушылары елден тыс адамдармен байланыса алатын қызметтер санын шектейді. Қытайдағы интернетке бақылауды күшейтудің тағы бір қадамы болып табылады», – деп атап өтті WSJ.

Sensor Tower аналитикалық компаниясының бағалауы бойынша, Instagram, X, Facebook, YouTube және WhatsApp соңғы онжылда Қытайдағы App Store арқылы 170 миллионнан астам рет жүктелген.

Өткен жылы Бейжің барлық компаниялардан 2024 жылдың наурыз айына дейін елдегі мобильді қосымшаларды тіркеуді талап еткен. Енді Apple компаниясы App Store дүкенінен тағы да көптеген қосымшаларды өшіруге мәжбүр болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, былтыр Apple акциялары Қытайдың мемлекеттік компанияларға iPhone телефондарын ұстауға тыйым салу жоспарына байланысты 5,1%-ға құлдырады.

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Ресей мен АҚШ барлау агенттіктерінің қысымы туралы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз