Алматы қаласы мен Қызылорда облысында екі басшы пара алды деген күдікпен ұсталды – Антикор

Жарияланды
пара алды
«Алматы Су» бас директорының орынбасары 75 млн теңге пара алды деп күдіктеледі/ Фото: kursiv.media

«Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Алматы Су» бас директорының орынбасары жергілікті кәсіпкермен сөз байласып, 75 млн теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі.

«Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған»,- делінген хабарламада.

Ал Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталған.

Екі басшыға да соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда.

Антикор хабарлауынша, «Бизнеске жол» жобасы аясында жыл басынан бері 43 проблемалық кейс шешіліп, 5 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Еске сала кетсек, наурызда Антикор Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол Қазақстан-Ресей форумын өткізу кезінде қаражатты негізсіз жұмсаған деп күдіктеледі. Агенттік хабарлауынша, ол 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей форумын өткізу үшін қасақана сематалық құжатқа бағаны өсіріп көрсеткен.

Ал ақпанда Антикор «Artsport» бағдарламасы арқылы 57 млн теңге жымқырған Батыс Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры  қамауға алынды.

Ал жыл басында Алматыдағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алу бойынша күдіктелетіні хабарланды. Агенттік хабарлауынша ол кәсіпкерлерден  14 миллион теңге көлемінде пара алған.  

Сондай-ақ оқыңыз