Freedom Finance Global компаниясының сарапшылары қазақстандық компаниялардың жете бағаланбай отырған, десе де инвестиция салуға тұрарлық акцияларын талдады.
2024 жылғы бірінші тоқсанда KASE-нің индексі 21,3%-ға өсті. Бұл көрсеткішке қарап, нәтиже ойдағыдай деуге болады. Мысалы, сол кезеңде S&P 500 индексі 10%-ға, Еуропалық Stoxx 600 7%-ға, жапондық Nikkei 225-20%-ға өсті, MSCI-дегі дамушы нарықтар индексі небәрі 1%-ға өсті. Сарапшылар соңғы индексті KASE-мен салыстырған қисынды екенін айтады.
Сарапшылар І тоқсанда екі таңбалы өсу қарқынын көрсетпеген қағаздарға назар аударған жөн дейді. Бір қарағанда, өкілдік тізімінде тек 10 қағазы бар KASE индексі 21%-ға өскен кезде акциялардың барлығы 10%-дан артық беруі тиіс. Алайда, іс жүзінде, банктердің акциялары өскен: «Банк ЦентрКредит» АҚ 54,2%, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 30,2%, ал Kaspi 26,3%-ға қымбаттады. Олардың қатарында банк секторына жатпайтын жалғыз акция – «Кселл» АҚ-нікі ол 61,9% нәтижесімен өсім бойынша бірінші орынды иеленді.
Осылайша, бірінші тоқсанда негізгі өсім KASE индексінің 40%-ына тиесілі болды. Қалған 60%-ға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (+5%), «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ (-0,8%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,9%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-4%), KEGOC (+0,2%) және жаңадан қосылған Air Astana (-4.3%) компаниясы жатады. Осы ретте Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Әбуов осы 60 пайыз арасынан инвесторлар назар аудара алатын компаниялар тізімін ұсынады.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) – мұнай бағасы өсімінің бас бенефициары. ҚМГ компаниясының айрықша фактісі – 2023 жылғы жоғары ақша ағыны. Бұл ретте Brent бағасы бірнашама арзандағаны белгілі. Алайда 2024 жылдың І тоқсанында қара алтын бағасы көтерілді. Яғни мұнай баррелі бағасы 77 доллардан 89 долларға дейін өсті. Сондықтан да алдағы есеп бойынша болжам оң болып отыр. 2023 жылы еркін ақша ағыны 984 млрд теңгеге жетіп, инвесторлар енді бір акцияға кемінде 620 теңге дивиденд күте алады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 26%-ға жоғары. Сондай-ақ компания 2023 жылы да, 4-тоқсанда да мұнай өндіру мен тасымалдауды арттыра алған. Талдаушылар ҚМГ акцияларын бір данасы үшін 14 800 теңгеден бағалайды, бұл өсу әлеуетінің шамамен 16,4%-ын береді.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК” АҚ – инвестициялар үшін тиімді мүмкіндік. Компанияның акциялары былтыр жақсы өсіммен ерекшеленгенімен, қазіргі уақытта салыстырмалы түрде бейтарап болып тұр. Қазатомөнеркәсіп – «жете бағаланбаған акция» анықтамасына толық сай компания болуы ықтимал. Өйткені оның қорында 2023 жылғы 4-ші тоқсандағы табысты есебі және өсімнің іргелі қоры бар. Алайда қазіргі уақытта қағаздары баға құбылмалылығы мен АҚШ нарығының ықпалына ұшырайды. Бұл маңызды деңгейде орнығуға мүмкіндік бермей тұр. Бұл фактор акцияларды әзірге біршама тартымды етуде (ҚМГ-мен салыстырғанда), бірақ Қазатомөнеркәсіп бұл жағдайда өсуге үлкен маржаға ие, бұл оның жете бағаланбағанын көрсетеді. Есепке сәйкес, компанияның 2023 жылғы түсімі рекордтық 1,43 трлн теңгені құрап, 43%-ға өсті. Түсімнің ұлғаюы аясында компанияның жалпы маржасы 52,5%-дан 53,2%-ға дейін аздап өсті. Компанияда қабылданған дивидендтерді есептеу жүйесіне сүйене отырып, инвесторлар ең аз дегенде 1 188 теңге дивиденд күте алады. Бұл былтырғы жылғы дивидендтен 53%-ға артық. Акцилары 23 200 теңгені құрауы ықтимал, бұл өсуге әлеуеттің 22,6% береді.
- «Қазақтелеком» АҚ – дивидендтік тосынсыйлар күтеміз. Компанияның 2022 жылғы 3-тоқсанда мықты болғанына қарамастан, негізгі түсім баптарын жылдық мәнде ұлғайту арқылы өсудің негізгі қоры бар. Сондай-ақ компанияның маржасы артып келетіні аса маңызды. 3-тоқсанда 5G желілерін дамыту үшін Kcell (иеленудің ірі үлесі) үшін күрделі шығындар қысымы болды. Бұл операциялық ақша ағындарының өсуін және еркін ақша ағындарының жақсаруын көрсетуге кедергі болмады. Қазір KZTK акциялары арқылы табыс табудың негізгі мүмкіндігі – оның іргелі әлеуеті емес, биыл Қазақтелекомның «Алтел-Теле2» ұялы операторын сатуы ықтималдығы. Ұялы операторды сатса, Қазақтелеком Кселл сатқан кездегідей, сатылымнан түскен қаражат есебінен арнайы дивиденд төлемек. Теориялық тұрғыдан акционерлер 2023 жылғы стандартты мөлшерден 5 есе (және одан да көп) арнайы төлем ала алады. Нысаналы бағасы – 40 800 теңге, өсу әлеуеті – 18,3%.
- «ҚазТрансОйл» АҚ – тағы да қызметке кірісті. Соңғы бірнеше жылда «дивиденд көшбасшылары» қатарынан шығып қалған ҚазТрансОйл KASE индексіндегі өз үлесін 2%-ға дейін төмендетіп, жай қағазға айналды. Алайда, жақында сарапгыоар алған рек компания акциларын сатып алуға кеңес берді. Бұған 2023 жылғы 4-тоқсанындағы қаржы есебі себеп. Онда 80,9 млрд теңге көлемінде рекордтық түсім түскені жазылған. Көрсеткіштердің өсуі компания жағдайын түбегейлі өзгерткен жоқ, өйткені біржолғы операциялық емес шығындар кірістілік көрсеткіштерін алдыңғы жылмен бірдей деңгейге түсірді. Дегенмен, мұны алға жасалған қадам деп базалауға болады. Ал бағалау моделіндегі компания капиталының құнын төмендету нысаналы бағаны 1080 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берген. Бұл бірден өсу әлеуетінің 27%-ын береді.
Freedom Finance Global компаниясының сарапшылары бұған дейін қандай акцияларды сатып алып, қайсысын сатқан дұрыс деген сауалға жауап берген.