Teniz Capital Investment Banking жарғылық капиталын 640 млн теңгеге арттырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

Teniz Capital Investment Banking АҚ ((бұрынғы «YURTA қаржы үйі») жарғылық капиталын 639,9 млн теңгеге арттырды. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жіберген хабарламасында жазылған.

Компания жарғылық капиталын 212,6 мың қарапайым акциясын сату арқылы өсірген. Қазіргі кезде орналастырылған қарапайым акциялардың саны 760,8 мың.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Teniz Capital Investment Banking» АҚ KASE-ге «Teniz Capital Investment Banking» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) төленген жарғылық капиталы ұйымдастырылған қор нарығында қоғамның 212 683 қарапайым акциясын сату жолымен 639 943 213,71 теңге мөлшерінде ұлғайтылғаны туралы хабарлады. 2024 жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы саны 760 882 дананы құрайды», – делінген хабарламада.

Инвестициялық қаржы үйі 1997 жылы құрылған. Оның акциялары 2007 жылдан бері Қазақстан қор биржасына шығарылған. Бұған дейін компания акцияларын 6 акционер иеленіп келген. 29 %-ы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2012 жылы Қазақстандағы ең бай адамдарының тізіміне енген Еркін Көшкінбаевқа тиесілі еді. «Республика» қаржылық холдингінің иесі Александр Манаенко – 22,94%, Балжан Түменбаева 22% акцияға ие болды. Қалған 26,05% үлесі SUCCESSFUL INVESTMENT TRUST, PROPERTY RETAIL мен Оспанов А.И иелігінде болды.

Былтыр сәуір айында компанияның акционері ауысып, бірден-бір акционер Сәкен Үсер екені мәлім етілді. Келісім туралы ақпараттан кейін, компания атауы Teniz Capital Investment Banking деп өзгерді. 

Жаңа акционердің стратегиясына сәйкес, компания «маркет мейкер және андеррайтинг қызметтерін көрсету бойынша өзінің клиенттік базасын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ішкі облигациялар нарығында бәсекеге қабілетті позицияны иеленуге ниетті» делінген.

Teniz Capital Investment Banking компаниясының активтері 2023 жылы елеулі өскен. 2023 жылы компания активтер көлемін 7,5 есе, яғни 0,5 млрд теңгеден 4 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Оның ішінде міндеттемелерін 2,1 млрд теңгеге, капиталын 1,4 млрд теңгеге арттырды. Қазан айының соңында компания 92 930 қарапайым акцияларын орналастырғанын жария еткен болатын. Сонда мажоритарлық акционер Сәкен Үсердің үлесі 78,35%-ға дейін қысқарды. ТСІВ басқармасының төрағасы Максим Занкин акциялардың 8,12%- на, Тағы бір акционер Арман Бистибеков – 7,98%-на иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз