2024 жылы электромобильдердің жаһандық сатылымы 20%-ға дейін өсуі мүмкін – Халықаралық энергетика агенттігі
Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, электромобильдердің жаһандық сатылымы биылғы жылы 20%-ға өсіп, 17 миллион данаға жетуі мүмкін. Бұл туралы ведомствоның кезекті зерттеуінде жазылған.
Агенттіктің салалық есебіне сүйенсек, бірінші тоқсанда электр көліктерінің сатылымы шамамен 25%-ға өсті.
2024 жылы автомобильдердің жалпы сатылымындағы электромобильдердің үлесі 20%-ды құрайды. Ал 2035 жылға қарай ол үштен екіге дейін артуы мүмкін.
Бұл ретте Қытайда биыл көрсеткіш 45%, Еуропада 25%, АҚШ-та 11%-ға жетуі мүмкін.
Агенттік толығымен электромобильдерді де, гибридті көліктерді де бірге жіктейді.
«Автоөндірушілер болса, бағаның жоғары болуы мен зарядтау станцияларының жоқтығынан «жасыл көліктерге» тұтынушылардың жаппай қызығушылығы артып отырған жоқ», – деп жазады Financial Times.
Tesla және BYD – әлемдегі ең ірі электр көлік өндірушілері саналады. Алайда қазан-желтоқсанмен салыстырғанда бірінші тоқсанда бұл брендтердің де сатылымы айтарлықтай төмендеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда электромобильдер қуаттауға арналған станциялардың жаңа стандарттары қабылданбақ. Қазақстанда электромобильдерге арналған инфрақұрылым дамытылады. Мәжіліс электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.