Қор биржасына шолу: АҚШ-тағы іскери белсенділіктің төмендеуі, акциялар бойынша Goldman Sachs болжамы
Goldman Sachs стратегтерінің АҚШ қор нарығы бойынша болжамдары енді соншалықты оптимистік емес және ФРЖ саясатын қатаңдатуы мүмкін екенін айтады. Ал АҚШ-тағы іскери белсенділік бірнеше ай қатарынан болған жақсы көрсеткіштен кейін төмендей бастады.
Goldman-ның қор нарығы бойынша болжамы енді оптимистік емес
Goldman Sachs стратегтері Доминик Уилсон мен Камакшьи Триведи акциялар үшін туып отырған қысқа мерзімді қауіп туралы ескертті, деп жазады Market Watch. Ал бұған дейін олар оптимистік болжам жасаған.
Уилсон мен Триведи енді ФРЖ саясатын қатаңдату тәуекелі жоғары екенін айтып отыр. Бұл негізгі қазынашылық облигациялардың табыстылығы артады деген сөз. Сондай-ақ ақша-несие саясатының жақсарту бірқатар геосаяси проблемаларды шешуге қатысты болып отыр. Сарапшылар қазіргі таңда нарық кез келген саяси жағдайларға көбірек алаңдайтынын айтады.
Сарапшылар қаражатты «нарықтың жоғары сапалы сегментіне» салуға кеңес береді. Ал бұл капиталдануы аз компаниялар емес екені түсінікті, себебі ФРЖ мөлшерлемесін төмендетуді кейінге қалдыру оларға қолайсыз әсер етеді. Goldman Sachs сарапшылары мөлшерлеме бастапқыда АҚШ-тан тыс жерлерде төмендейтінін жоққа шығармайды. Ал бұл шетелдік қор нарықтарын инвесторлар үшін тартымды етеді.
АҚШ-тың іскердік белсенділігі сәуірде төмендейді
S&P Global АҚШ-тың өндірістік секторындағы іскери белсенділіктің жиынтық индексін жариялады. Оның көрсеткіші наурыздағы 52,1-ден 50,9-ға дейін түсіп кеткен. Жалпы сәуірде АҚШ-тың іскери белсенділігі сұраныстың әлсіреуінен төрт айлық минимумға дейін түсті, деп хабарлайды Reuters. Бұл АҚШ-тағы инфляцияның өсу қарқыны баяулағанының белгісі болуы мүмкін.
Еске сала кетер болсақ, индекс өндірістік сектор мен қызметтер нарығын қадағалайды. 50-ден жоғары мән өсуді көрсетеді. S&P Global-дың кәсіпорындарға жүргізген сауалнамасы АҚШ экономикасы қаңтар-наурызбен салыстырғанда II тоқсанда өсу импульсын жоғалтып алғанын көрсетті. Reuters экономистерінің сауалнамасына сүйенер болсақ, 2024 жылдың 1 тоқсанында ЖІӨ тек 2,4%-ға ғана артқан болу керек.
Жеке кәсіпорындардың алған жаңа тапсырыстарының индексі наурыздағы 51,7-ден сәуірде 48,4-ке дейін төмендеді. Бұл алты айда бірінші рет болып тұрған жағдай. Шикізатқа төленген баға көрсеткіші 56,5-ке дейін түскен. Көрсеткіштер төмендегенімен олардың мәні бұрынғыша жоғары.
ЕОБ мөлшерлемені төмендету жайын қозғады
Еуропалық орталық банк шенеуніктері биылғы жылы пайыздық мөлшерлемені бірнеше рет төмендету жоспарынан әзірге бас тартып отырған жоқ, деп хабарлайды Reuters. Олардың шешіміне АҚШ-тағы жоғары инфляция мен Таяу Шығыстағы шиеленіс әсер етпейді. ЕОБ президенті Кристин Лагард реттеуші маусымда пайыздық мөлшерлемені төмендететінін ашық айтты.
Сонымен қатар 20 ұлттық орталық банк басшылары да алдағы уақытта мөлшерлемені төмендету ойлары бар екенін ашып айтқан. Өйткені еуроаймақтағы инфляция бірте-бірте төмендеп жатыр және келесі жылы ЕОБ-ның мақсатты деңгейі 2%-ге жетеді. Барлығы ЕОБ шешімі жалақы, табыс өнімділікке қатысты мәліметтерге негізделетінін айтып отыр.
Бірақ та кейбір инвесторлар ЕОБ-ның шешіміне күмәнмен қарайды. Трейдерлер Еуразиялық орталық банк еуроның әлсіреуін тоқтату үшін ФРЖ қабылдаған шешімді басшылыққа алуға мәжбүр болады деп отыр. «Валюталық-инфляциялық арна – бұл Еуропада мөлшерлемені төмендетуге қарағанда алаңдауға себеп болатын жайт», – дейді Morgan Stanley сарапшылары.
АҚШ үкіметі екі жылдық облигацияларды 69 млрд долларға сатты
АҚШ үкіметінің облигациялары тұрақты сұранысқа ие, деп хабарлайды Bloomberg. Сейсенбі, 23 сәуір күні АҚШ үкіметі 69 млрд долларға екі жылдық облигацияларды сатты. Табыстылық мөлшері 4,898%. Осы аптада нарықта 70 млрд доллар және 44 млрд долларға тағы екі аукцион болады.
«Бұл айтарлықтай әсерлі аукцион болды», – деді Mischler Financial Groupкомпаниясының басқарушы директоры Тони Фаррен. – Соңғы екі аптадағы сатылым санының аздығынан болған баға қозғалысын ескеретін болсақ, аукцион табысты өтті»
Бұған дейін сарапшылар шектен тыс көп облигация шығару АҚШ үкіметінің облигацияларына деген сұранысты төмендетуі мүмкін деген ойларын айтқан.