Halyk Finance брокерлік компаниясы 2,75 млрд теңге дивиденд төлеуге ниетті
Halyk Finance 2023 жылға қарапайым акциялар бойынша 2,75 млрд теңге дивиденд төлемек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.
Брокер 2022 жыл үшін дивиденд төлемеген. Биыл компанияның директорлар кеңесі 2023 жылғы қызмет нәтижесінде 2,75 млрд теңге дивиденд төлеуге шешім қабылдаған. 1 қарапайым акция үшін 454,83 теңге төленбек. Компания дивидендті 17 шілдеден кешіктірмей төлеуді жоспарлап отыр.
«Пайлары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған инвестициялық қорлардың басқарушы компаниясы болып табылатын «Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ KZ1C00013135 жай акцияларына бойынша 2024 жылдың 17 шілдесінен кешіктірмей жалпы сомасы 2 755 036 755,87 теңге 2023 жылға дивидендтер төлейтіні туралы КASE-ге хабарлады», – деп жазылған ақпаратта.
Компанияның 1 сәуірдегі толық емес есептілігі бойынша, актив көлемі 58,6 млрд теңгені құрайды. Міндеттемелері 27,4 млрд теңгеге тең. Жиынтық капиталы 31 млрд теңгеден асады.
Halyk Finance брокерлік компаниясының жалғыз акционері – Қазақстан Халық банкі. Ол БЖЗҚ активтерін басқаратын жеке 5 басқарушы компанияның бірі. Компанияның негізгі қызметтеріне брокерлік қызмет, андеррайтинг, акциялар мен облигацияларды орналастыруды ұйымдастыру, соның ішінде IPO, активтерді басқару және кеңес беру кіреді.