Жаңалықтар

Алматыда автобустың жаяу жүргіншілерді қағуы: Сот процесінде көлік жүргізушісі мен күдікті сөз таластырды

Алматыда автобустың жаяу жүргіншілерді қағуы: Сот процесінде көлік жүргізушісі мен күдіктінің сөз таласы жарияланды / коллаж kursiv.media

Алматыда автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұрған жолаушы Дархан Ахметжановқа қатысты сот процесі жалғасын тапты. Соққыдан жүргізуші әйел есінен танып, оның көлігі аялдамада тұрған жаяу жүргіншілерді қағып, үш адам қайтыс болған. 24 сәуірде жүргізуші мен күдіктіні сотқа дейінгі беттестіру болып, тараптар бір-біріне сұрақ қойды.

Бұл іс бойынша сот наурыз айында басталған. 24 сәуірде Жоғарғы сот қоғамдық қызығушылыққа байланысты сот процесін тікелей эфирде өткізу туралы шешімін жариялады. Бұл Жоғарғы сот Youtube арнасында көрсетілген Қазақстан тарихындағы екінші процесс.

Отырыс барысында автобус жүргізушісі Шөкебаева мен сотталушы арасында беттесу сөз болды. 

«Әйел адамға қол көтеру керек пе? Үйде әйеліңізді ұрасыз ба?» – деп сұрады Шөкебаева.

«Жоқ, қол көтермеу керек», – деп жауап берді Ахметжанов.

«Онда мені неге ұрдыңыз?»

«Сіз мені арандаттыңыз», — деді сотталушы.

«Жарайды, мен сізді қанша жерден балағаттасам да, сіз мені ұруға құқығыңыз бар ма?»- деп сұрады жүргізуші.

«Жоқ, құқығыз жоқ. Бірақ сіз мені арандаттыңыз», – деді Ахметжанов. 

Одан әрі сотталушы Шөrебаеваға сұрақ қойды:

«Сіз менің қолымды әйелге көтеруге қандай құқығыңыз бар деп сұрайсыз. Әйел басыңызбен ер азаматқа дөрекі сөйлеуге қандай құқығыңыз бар? Әйел басыңызбен ер азаматтың намысын таптауға»

«Біріншіден, мен дөрекі сөйлескен жоқпын. Екіншіден, қанша жерден ұрыс болса да, ер адам әйел адамға қол көтермейді. Өйткені әйел адам – ол әйел адам», – деп жауап берді жәбірленуші.

32 жастағы Ахметжановқа бұзақылық жасады және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзды деген айып тағылып отыр. Ол абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған әрекет жасаған деп күдікке ілінген. Қылмысы дәлелденген жағдайда Бұзақылық туралы бабы бойынша оған 2000 АЕК (7,4 млн теңге) дейін айыппұл салынып, екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Ал екінші адам өліміне алып келген іс әрекетіне байланысты ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Судья келесі отырыста, 25 сәуірге қойып, жарыссөз болатынын айтты.

Еске салар болсақ, 2023 жылғы 22 желтоқсандаАлматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізушіні ұрып есінен тандырған. Осының салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.