Таиландтық ұн өнімдерін шығаратын компания Қазақстанда өңірлік логистикалық хаб ашуды қарастырып отыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Таиланд тарапы ҚР аумағында өндірісін ашу мүмкіндіктерін зерделеуде /Архив: kursiv.media

Таиландтың ірі компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Мәселен, «Sea Value» компаниясының аға вице-президенті Чанинтр Чалисарапонг қазақстандық нарыққа инвестиция салу ниетін білдірді.

Атап айтқанда Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдеріне теңіз өнімдерін жеткізу үшін сауда-дистрибьюторлық орталық құруын қарастырып отыр.

Сонымен қатар Таиландтағы ең ірі ұн өнімдерін өндіруші «Thai President Foods» компаниясы да Қазақстанды өңірлік логистикалық хаб ретінде қарастырады. Компания өз өнімдерін Қазақстан нарығына, Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жеткізуді көздеп отыр. Бұл ретте тай тарапы болашақта ҚР аумағында өз өндірісін ашу мүмкіндіктерін зерделеуге дайын. 

Сонымен қатар «Really Cool Airlines» әуекомпаниясы көлік байланыстарын әртараптандыру, атап айтқанда екі елдің астаналары арасында ғана емес, ірі қалаларды байланыстыратын тікелей әуе рейстерін ашу мәселелері талқылауда.

«Бұл Қазақстан мен Таиланд арасындағы визасыз режим туралы келісімге қол қою тұрғысынан өзекті мәселелердің бірі», – деп хабарлады СІМ. 

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Бангкокқа ресми сапары барысында белгілі болды. Қазақстандық тарап инвестициялық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі Тайдандтың ірі компания басшыларымен осындай бірнеше кездесу өткізді.

Еске сала кетсек, ақпанда Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді тағы 6 айға ұзартты. Кейін 30 күндік визасыз режимді тұрақты негізде енгізгізді. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Таиландта визасыз кірген күннен бастап 30 күн алаңсыз жүре алады.

«Алайда Қазақстан азаматтары күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық Таиландта болмауға тиіс», – делінген құжатта.

Елде бұдан артық болуды қалайтын азаматтар әлі де виза алуға мәжбүр болады.

Таиланд азаматтары үшін Қазақстан аумағында да осындай жағдай жасалған. Келісімде визасыз режимнің қанша уақытқа дейін ұзаратыны немесе қай айлар аралығында болатыны нақты көрсетілмеген. 

Сондай-ақ оқыңыз