Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады. Бұл Ұлттық статистика бюросының былтырғы мәліметінен айқын байқалады.
2022 жылмен салыстырғанда, нан мен жарма, балық пен теңіз және май мен тоңмайдан басқа азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші өскен.
Сүт және сүт өнімдерін Қарағанды, Ақмола облыстары, Алматы қаласы көп тұтынады. Ең тәттіге құмар облыс – Ұлытау. Осы облыс тұрғындары орта есеппен жан басына шаққанда жылына 59 келі қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдерін азық қылған.
Азық-түлік сатып алуға жұмсалатын қаражаттың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Атырау, Ақмола, Жетісу облыстарының халқы ет және ет өнімдерін көп тұтынады. Шымкент қаласының етке тәбеті тартпайды.
2023 жылы халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша айына орташа алғанда тұтынуы:
- картоп – 3,7 кг нан,
- І сұрып – 2,4 кг
- сиыр еті – 2,1 кг
- алма – 1,6 кг
- құмшекер – 1,5 кг
- күріш – 1,3 кг
- сүт – 1,1 л
- айран – 1 л
- жұмыртқа – 16,8 дана
- макарон – 0,9 кг
- жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг,
- қара шай – 0,1 кг
Анықтама: Азық-түлік өнімдерін тұтынуы бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.
Елімізде әр оныншы азамат азық-түлік сатып алуға 22,3 мың теңге жұмсайды. Бұл жөнінде Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
Үкімет қаңтар айында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз резервінен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлген.