Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауы өзгере ме – Сенатор жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауы өзгере ме: Сенатор жауап берді / shutterstock

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауын өзгерту туралы сұраққа жауап берді.

«Қазір депутаттар корпусы елордалық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауын өзгерту мәселесін талқылап жатыр ма?», – деген журналист сұрағына Сенат депутаты күн тәртібінде мұндай мәселе болмағанын және талқыланып жатпағанын айтты.

.

Алайда қазір мемлекеттік наградалардың атауы өзгертіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, 1-дәрежелі «Айбын» орденіне «Сағадат Нұрмағамбетовтің», 2-дәрежелі «Айбын» орденіне «Бауыржан Момышұлының», 3-дәрежелі «Айбын» орденіне «Рақымжан Қошқарбаевтың» аты беріледі.

Ең бірінші кезекте «Назарбаевтан» Астана атауы қайтарылды. Өткен жылдың 15 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. 

Сонымен бірге Қазақстанда мемлекет басшысына тікелей есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың наградаларына қатысты Президент Жарлығына өзгерістер енгізілмек. Осыған байланысты олар кейбір медальдардың атауларынан Елбасы мәртебесін алып тастау жоспарланған.

Ал 29 маусымда Сенат депутаттары Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Назарбаев университеті» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады.  

Сондай-ақ оқыңыз