Сот Солтүстік Қазақстанда еріктілер гуманитарлық көмекті «ұрлады» деп видео жариялаған адамға айыппұл салды
Петропавл тұрғыны TikTok-та жергілікті еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекті ұрлап жатқаны туралы айтқан. Полиция ақпаратты тексеріп, жалған ақпарат таратқаны үшін ер адамға 74 мың теңгеге жуық айыппұл салған.
Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген гуманитарлық көмекті видеоға түсірген. Бейне авторы TikTok-та еріктілер «ұрлық жасайды» деп мәлімдеген.
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, гуманитарлық көмектің ұрлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарған. Сондай-ақ бейнежазбаны фейк ақпарат деп бағалаған.
«Фейк ақпарат таратушы облыс орталығында тұратын 41 жастағы азамат болып шықты. Ол смартфонға көмекті түсіру сәтін түсіріп, бірақ ол еріктілерден жұмыстың мән-жайларын, мерзімдері мен нюанстарын нақтыламаған. Дегенмен бейнені дереу әлеуметтік желіде жариялап, оны теріс пікірмен баяндаған. Ол видеоны өз аккуантынан өшірді «, – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде ер адамға тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау туралы әр үшінші хабарламаның алаяқтық екенін анықтаған. 3 күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру таралған.
Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев желіде су тасқынына қарсы штабтардың жалған аккаунттарын ашып, ақпарат тартушыларға ескерту жасады.Бозымбаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Ақпаратқа сүйенсек, әлеуметтік желіде жалған ақпараттың тарауы табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Вице-премьер атап өткендей, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе, зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.